ШҰҒЫЛ! 19 ҚАЗАН - ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ Толығырақ

ҚАЛАНЫ АБАТТАНДЫРУ

20:37, 12 маусым 2018

Жаз келісімен шаһарды көркейту жұмыстары басталды. Жауын-шашынды күндерді есепке алмағанда  қалада құрылыс, жөндеу және жаңа балалар алаңқайларын орнату жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бүгінгі таңда балаларға арналған 15 алаңқай жабдықталса, жаз аяқталғанша дейін тағы 25 балалар алаңы әзірленіп кішкентай тұрғындардың игілігіне  берілмек. Петропавлда болып жатқан басқа да өзгерістер туралы арнамыздың түсірілім тобы әзірлеген сюжеттен біле аласыздар.  

Облыс орталығында 3   саябақты   жаңарту жұмыстары жүргізілуде, солардың бірі Жамбыл көшесінде орналасқан.Партизан және    Ульянов көшелерінің арасындағы қашықтық 700 метрге жуық. Шілде айының басында  бұл жерде гүлзарлар, сәнді бағаналар және кішігірім архитектуралық формалар пайда болады.

БОЛАТ БУХАНОВ, «БЛАГОУСТРОЙСТВО-СЕВЕР» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

 - Бүгінгі таңда ауа райының қолайсыздығынан жұмыс барысы созылып кетті, соған қарамастан 60% іске асырылды. Бұл жерде орталық аллея, серуендеуге қолайлы орын және үйлердің бойымен орналасқан жаяу жүргіншілерге арналған жол,сондай-ақ осы жердегі  түрлі  мекемелерге көлікпен келуге болатын  орын жасаймыз. Сонымен қатар ландшафтты көгалдандыру да болады.

Қаланы абаттандыру үшін құралдар жергілікті өнім берушілерден сатып алынады. Кішкентай қала тұрғындары өз уақыттарын тиімді әрі көңілді өткізуі  үшін де барлық жағдай жасалып жатыр. Осы жылы балаларға арналған аула алаңдарын жаңарту үшін қала бюджетінен 36 млн теңге бөлініпті.Айта кеткен жөн бүгінгі күні «Стронг-сервис»  фирмасы 15 ойын зонасын орналастырып қойды.

ЕЛЕНА БОНДАРЕНКО, «СТРОНГ-СЕРВИС» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Балалар алаңқайының жиынтығына 14 элемент кіреді,  атап айтқанда түрлі балаларға арналған ойын кешендері, әткеншектер, Қажет деген жерлерде, аулаларда орнатылып жатыр. Егер орын қолайлы болып жатса аталған барлық кешендер орнатылады, ал егер аула кішкентай болып, жағдай болмаса онда тұрғындардың таңдауына қарай  орнатылады. 

АСХАТ РАМАЗАНОВ, ПЕТРОПАВЛ  ҚАЛАЛЫҚ  ТКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ    БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Есептік кездесулердің нәтижесінде балалар ойын алаңдары орнатылатын 47 аулалық аумақ белгіленді. Олар - орталықта және қаланың басқа да шеткері   аймақтарында.

Барлық  жұмыстар, яғни ландшафты көгалдандыру, көшелердің  жарықтандыру жүйесін  жаңарту және жолдарды жөндеу   белгіленген кестеге  сай жүргізілуде.

Майгүл СЕЙІЛБЕК, Наталья АИТОВА

 

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, қаланы көркейту, абаттандыру жұмыстары

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар