ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

ҚАЛАНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ҚАРАЛДЫ

20:33, 12 шілде 2019

Өткен жартыжылдықта СҚО-да баспана салу көрсеткіші 112 пайызды құраған және бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын таппақ. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды. Отырыста сондай-ақ, Петропавл қаласын дамытудың бас жоспары талқыланып, қажетті шешімдер қабылданды.

Күн тәртібіне енгізілген алғашқы мәселе ол – Петропавл қаласы дамуының бас жоспарына өзгертулер енгізу еді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов шаһардың келбеті жыл сайын ажарлана түсіп, ескі жер үйлердің орнына зәулім көпқабатты ғимараттардың тұрғызылып жатқанын және де 2018 жылдың 6 айына қарағанда биыл құрылыс көлемі 112 процентті құрағанын айтты. Сондай-ақ, соңғы жылдары коммерциялық ғимараттар саны да артып келеді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

2018 жылға дейін коммерциялық ғимараттар аз салынатын еді, бар болғаны бір-екеу ғана. Оны бәріміз білеміз. Ал біз қазір 5 коммерциялық ғимарат салудамыз, тағы екеуінің құрылысына кірісеміз. Оған инвесторлар бар. Бұл біздің экономикамыздың дамуына тағы бір серпіліс береді.

Петропавлдың бас жоспарын, оның даму жолдарын бекітетін алматылық компания өкілдерінің сөзінше облыс орталығы шағын қалалар қатарына жатады, сондықтан да ғимараттар мен сәулет құрылыстарын биік етіп тұрғызуға болады. 2018 жылғы қала құрылысы кеңесінің шешімі бойынша алдағы жылдары 6 шағын аудан дамытылмақ. Атап айтқанда «Жас өркен» ықшам ауданында 2017 жылдан бері түрлі құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 332 баспаналық үй, Оқушылар сарайы, Теннис орталығы тағы да басқа нысандар бой көтерді.

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, СҚО ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

-  Горький – Парфиров – Алтынсарин – Ташитов көшелерінің бойыннда екі 16 қабатты үй тұрғызуды жоспарлап отырмыз. Жоба құны 3,2 млрд, теңге. Сондай-ақ, Жамбыл – Труда – Горький – Исмаилов көшелерінің бойында үш 9 қабатты тұрғын-үй салынбақ.

Ал М.Жұмабаев – Шәжімбаев – Мүсірепов – Назарбаев көшелерін қамтып отырған аумақта 900 орындық мектеп пен 280 балаға шақталған балабақшаның құрылысы басталады. Қазір құрылысқа дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, СҚО ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Шығыс ықшам ауданында 500 орынға шақталған көпсалалы аурухана құру жоспары тұр. Жоба 2019 жылдың 4-ші тоқсанында қолға алынады және 2021 жылы қолданысқа беріледі. Мұндай орталықты салған соң оның жанына көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар тұрғызылады. Құрлысы мемлекеттік бағдарлама мен жеке инвесторлардың қаржысына жүзеге асырылады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Тамыз немесе қыркүйек айынды көпсалалы аурухананың құрылысын бастауымыз керек. Біз солай келістік. Түрік компаниясының қаржысымен салынатын нысан өңірдегі ерекше жоба саналады. Оның жанана тағы 1-2 үй тұрғызып, дәрігерлерге береміз.

Қаланы абаттандыру жұмыстарына жергілікті кәсіпкерлер де белсене атсалысады. Қизатов және Победа көшелерінің бойын көгалдандыруды жақын маңдағы сауда үйінің әкімшілігі қолға алмақ.

БОЛАТ ЖҰМАБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Апостол Петр мен Павел шіркеуіның алдындағы ескі үйлерді сырып, орнына көлік тұрағы, саябақ, демалыс орны, сәулеттік формалар, сауда орындарын саламыз. Ал Абылай хан резиденциясына қарама-қарсы жерде инсталяциялар, әткеншектер орнатуды, абаттандыруды көздеп отырмыз.

Облыс әкімі бұл жобаны қолдайтынын және бұл аумақ ашық аспан астындағы мұражай іспеттес болу керектігін айтты. Яғни Ойқала ықшам ауданы тарихы мол ескі қаланы бейнелемек.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
20:35, 9 желтоқсан 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
Толығырақ...
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...