ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ҚАЛДЫҚТАРДЫ БӨЛЕК ЖИНАУ МӘДЕНИЕТІ

20:36, 2 сәуір 2020

Алматы қаласында наурыздың 31-і күні «3,2,1 Старт!»  экологиялық жобасының финалдық кезеңі өтті. Елдегі қазіргі жағдайды ескере отырып республикалық байқау тұңғыш рет онлайн режимінде ұйымдастырылды. Оған  18-35 жас аралығындағы жастардан 100-ден астам түрлі өтінім түскен. Финалға 10 идея іріктеліп алынып, олардың авторлары қазылар алқасына өз жобаларын ұсынды. Байқауға Петропавл қаласынан «Вторсырье» ЖШС директоры Қайыржан Айсин де қатысып, үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Eco-Car жобасының авторы Қайыржан Айсин қала тұрғындары арасында қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыруды көздеп отыр. Қайыржанның командасы қалалықтарға үйдегі қоқысты қалай дұрыс сұрыптау керектігін үйретеді, ал сұрыпталған қалдықтарды олар қала тұрғындарының пәтерлерінен өздері алып кетпек.  

ҚАЙЫРЖАН АЙСИН, «ВТОРСЫРЬЕ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

«Кейбір адамдар қоқысты пәтерден шығаруға ерінеді, оны басқа біреудің шығарғанын жөн көреді. Ол сөйтіп жылдар бойы үйде жатады. Ал біз қалалықтардың қалдықтарын тегін жинап, сұрыптап, қайталама шикізат жинау орындарына тапсырамыз. Сондай-ақ пәтерлерге эко-қораптарды қойғымыз келеді.»

Финалдық кезеңнің қорытындысы бойынша Қайыржанның жобасы қазылар алқасының көңілінен шығып, эко-идеясын жүзеге асыру үшін 1 миллион 300 мың теңге көлімінде грант берілді. 

ҚАЙЫРЖАН АЙСИН, «ВТОРСЫРЬЕ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

«Маған бұл байқау қатты ұнады. Біз эко-идеяларымызды жүзеге асыру үшін ақшалай грант алып қана қоймай, өзімізге пайдалы болатын жаңа дағдылар мен білім беретін тренингтік бағдарламалардан өттік. »

Жалпы «3.2.1 Старт!» жобасы 4-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Республикалық байқау тұңғыш рет онлайн режимінде ұйымдастырылды. Енді келешекте Қайыржан өз идеясын іс жүзінде жүзеге асырмақ.  

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ  КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ МАМАНЫ ПАРА АЛҒАНЫ ҮШІН ҰСТАЛДЫ
17:25, 4 маусым 2020
ОБЛЫСТЫҚ КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ МАМАНЫ ПАРА АЛҒАНЫ ҮШІН ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар