ШҰҒЫЛ! «Сазды сәлем!» сазды-құттықтау көңілашар бағдарламасы эфирге жол тартады Толығырақ

ҚАНАТ ИСЛАМ: МАҚСАТЫМ - ЕЛ АБЫРОЙЫН КӨТЕРІП, ХАЛЫҚҚА ЖЕҢІС СЫЙЛАУ

16:41, 7 қыркүйек 2017

Бүгін Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде Қанат Ислам - Брэндон Кук жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға осы күнге дейін ешкімнен жеңіліп көрмеген қос боксшы – Қанат Ислам мен Брэндон Кук, олардың бапкерлері мен кеште өнер көрсететін басқа да боксшылар қатысып, жекпе-жек туралы өз ой-пікірлерімен бөліскен болатын. «Екінші мәрте Қазақстанда жекпе-жек өткізгелі отырмын. Мақсатым - ел абыройын көтеріп, халыққа жеңіс сыйлау, қазақ ұлты рухының мықтылығын паш ету», - деді Қанат Ислам. Бокс кеші 9 қыркүйекте «Астана EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында  «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.  Басты жекпе-жекте отандасымыз Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук бірінші орта салмақтағы WBA Inter-Continental және WBO-NABO нұсқалары бойынша чемпиондық атақты сарапқа салады. Кеште өнер көрсететін қазақстандықтар мен олардың қарсыластары:

Қанат Ислам (24-0-0, 19 КО) - Брэндон Кук (18-0-0, 11 КО).

Жанқош Тұраров (21-0-0, 15 КО) - Бруно Леонардо Ромэй (21-4-0, 18 КО);

Жәнібек Әлімханұлы (1-0-0, 1 КО) - Жильберто Перейра дос Сантос (14-5-0, 10 КО);

Мейірім Нұрсұлтанов (3-0-0, 2 КО) - Исмаэль Буено (15-6-0, 10 КО);

Руслан Мырсатаев (3-0-0, 3 КО) - Андрес  Матиас Аффраниль (5-0-0, 5 КО);

Айдос Ербосынұлы (6-0-0, 5 КО) -  Джонатан Джеронимо Барбадильо (17-4-1, 14 КО);

Димаш Ниязов (11-0-3, 5 КО) - Эдуардо Перейра дос Рейш (22-4-0, 18 КО);

Әли Ахмедов (8-0-0, 6 КО) -  Томас Джастин Берилл (18-2-0, 7 КО);

Нұрсұлтан Жаңабаев (2-0-0, 1 КО) - Алекс Сандро Дуарте (12-1-1, 9 КО).

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕРГІЛІКТІ ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ
18:56, 25 қыркүйек 2017
ЖЕРГІЛІКТІ ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТІП ЖАТЫР
18:31, 20 қыркүйек 2017
ПОЛИЦЕЙЛЕР АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ОРАЙ ЖАҢА ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНУДА
15:54, 19 қыркүйек 2017
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ОРАЙ ЖАҢА ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫН...
Толығырақ...