ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

КАРАНТИН 2 АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ

17:20, 30 шілде 2020

Елімізде карантин тағы 2 аптаға ұзартылды. Бұл жайында Ақордада өткен эпидемиологиялық ахуалға қатысты түйткілді мәселелер жөніндегі кеңесте  белгілі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шілде айында енгізілген шектеу шараларының оң әсерін одан әрі арттыру керектігін мәлім етті. Сондай-ақ, Президент Қазақстандағы және шекаралас мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсу ықтималдығын ескере отырып, мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдетуді тапсырды.

5 шілдеден бастап елімізде қатаң карантин шаралары енгізілгеннен кейін қауіпті вирусты жұқтырғандардың саны 29 пайызға төмендегені байқалады. Біздің облыста инфекциялық және провизорлық стационарларға түсетіндер саны 3 есе азайды. Тіпті, жедел жәрдемді шақыру 34 процентке төмендеген. Көріп тұрғанымыздай, қатаң карантин талаптары өз жемісін беруде. Солтүстікқазақстандықтар оның 2 аптаға ұзартылуы қажетті шара деп отыр.   

Халықтың қамын ойлағаннан соң, ұзартып жатыр ғой. Біздің өңірде жағдай тұрақты болса да, басқа облыстарда қиынырақ. Сондықтан қажетті шара деп білем.

Карантин нәтиже береді деп ойлаймын. Ұзартылуы қажет еді. Вирусты тоқтау қажет қой.

Егер карантин талаптарын қатаңдатса, халыққа қиын болады. Жеңілдетсе жақсы болар. Өзім қашықтан жұмыс істеймін. Карантинге қарсы емеспін

 

Тақырып бойынша материалдар

СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
17:20, 7 тамыз 2020
СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...