ШҰҒЫЛ! ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ҰСТАЛДЫ Толығырақ

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР

20:37, 29 шілде 2020

Шектеу шараларына қарамастан той жасағандар анықталды. Бүгін телеарнамызға қала сыртындағы демалыс орындарының бірінде үйлену кеші өтіп жатқандығы жайлы хабар келіп түсті. Оқиға орынына облыстық прокуратура мамандары, тәртіп сақшылар мен түсірілім тобымыз барып, мән жайды анықтады. Той иеелері мен демалыс орынының басшыларын қандай жаза күтіп тұр? Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектесов баяндайды.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Шектеу шаралары күшейтілді, дегенмен ережені елемейтіндер көп. Мысалы өткен демалыс күндері облыс полицейлері өңір бойынша карантиндік тәртіптің бұзылуына қатысты 74 дерек анықтады. Оның ішінде келушілерді қабылдап, мереке ұйымдастырған демалыс орыны да бар. Міне бүгін  де арнамызға демалыс орындарының бірінде мерекелік шара өтіп жатқандығы жайлы хабар келіп түсті. Дереу осында жеттік. Қазір ішке кіріп мән жайды біліп көрмекпіз.

Кадрда көріп тұрғандарыңыздай ақ көйлек киген қалыңдық пен оның құрбылары үйлену кеші өтіп жатқан нысанға кіріп барады. Бізде артынан барып едік, үлкен залда 40-қа жуық адамға жайылған дастарханға көзіміз түсті.  Камераны көріп шошыды ма, мерекелік кешке жиналған халық жан-жақа тарай бастады. Барлығымызға мәлім карантин кезінде мерекелік шара ұйымдастыруға тыйым салынған.  Бірақ той иелері заңды белшесінен баса отырып, жалпыға ортақ ережені елемеген.  

САНАТ ҚАБДУЛЛАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРА БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫНЫҢ М.А.:

- Бұл факті бойынша полиция қызметкерлері материалдар жинап жатыр. Олар облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік Департаментіне жіберіледі. Сөйтіп карантиндік тәртіпті бұзғандар ҚР ҚК 425 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Бір қызығы демалыс орталығының әкімшілігі мұнда мерекелік шараның болмағанын айтып ақталды. Ал олардың күзетшілері бізді бірнеше рет қуып шықпақ болды. Айта кеткен жөн карантиндік тәртіпті бұзған жеке тұлғаларға 30 АЕК ал, заңды тұлғаларға 230 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Соған қарамастан азаматтардың  кейбірі той-томалақ жасаудың амалын іздеп табуда.  

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚЫЗЫЛЖАР – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:35, 3 тамыз 2020
«ҚЫЗЫЛЖАР – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар