ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ Толығырақ

КАРАНТИНДЕ ТУҒАН КҮН ТОЙЛАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

22:25, 10 тамыз 2020

Өткен демалыс күндері Петропавлда 50-ден астам карантин тәртібін бұзу фактісі тіркелді. Олардың көбісі тұрғындардың қоғамдық орындарда медициналық маска тақпауына және сауда орындарында  сатушылардың тұтынушыларға  арнайы қолғапсыз  қызмет көрсетуіне қатысты.

ПД мамандарының айтуынша, өңір тұрғындары арасында тәртіпке бағынбайтындар баршылық. Оған өткен демалыс күндері қаладағы  караоке барлардың бірінде туған күн кешін тойлағандар дәлел болып отыр. Заң бұзушыларды мониторингтік топ, оқиға орнында ұстаған. Олар 8 адам болып, түнгі уақытта тәртіп бұзыпты. Енді оларға  арнайы әкімшілік құқық бұзушылық фактісіне сай  хаттама толтырылған. Мән-жәй әлі  анықталуда. Жалпы, 19шілдеден бастап облыс орталығында карантин режимін бұзудың 295 фактісі тіркелген.

ҚАНАТ ҚАСЕНОВ, ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:

Карантин ережесін бұзу фактісі тіркелді. Онда адамдар жиналған. Караоке бар өз жұмысын тоқтатпаған. Осыған байланысты сонда болған адамдарға және сол караоке бардың иесіне 425 бап бойынша хатттама толтырылды. Жеке тұлғаларға 30 АЕК айыппұл, ал кәсіпорын иелеріне 200ден 300 аралығына айыппұл салынады.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...