ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

КАРАНТИНДІК ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАН 42 ТҰРҒЫН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

20:38, 6 сәуір 2020

Бүгінен бастап өңірімізде әлемді шарпыған індеттің таралуына жол бермеу мақсатында Петропавл 6 аймаққа бөлінбек. Әр аймақ тұрғындары тек жұмыс бабымен  және арнайы құжатымен ғана өз шекарасынан шыға алады. Ал тәртіпке бағынбағандар жазалануы мүмкін. Мәселен, облыста карантинді режим бекітілгеннен бастап 42 адам көшеде еш себепсіз жүргені үшін жауапкершілікке тартылды.

Облысымызда карантинді режимге бағынбай жатқан тұрғындар баршылық дейді ПД қызметкерлері.  Сондықтан да, өңір тыныштығы мен бекітілген тәртіпті қадағалау жұмыстарына ұлттық ұлан әскери институтының курсанттары мен әскери бөлімшелердің сарбаздары да жұмылдырылып жатыр. Сонымен қатар, қазіргі уақытта көпті   мазалаған саяжай мәселелеріде өз шешімін тапқан.  

ҚАНАТ АЙТБАЕВ, СҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Карантин режиміне байланысты өңір тұрғындарына саяжайларына баруға тыйым салынады. Алайда, уайымдауға еш негіз жоқ. Себебі, тәртіп сақшылары бүгіннен барлық саяжай аумағын күзетеді. Яғни, заттарыңыз жоғалмайды деп кепілдік бере аламыз.

Коронавирус індетінің таралуына  жол бермес үшін бүгіннен бастап Петропавл қаласы 6 аймаққа бөлінеді. Және әр аймақ тұрғындары үшін бар жағдай жасалған. Яғни, қажетті азық-түлік дүкендері мен дәріхана, емхана  сынды мекемелер де бар.Сондықтан да, мамандар өз қәуіпсіздіктері үшін тұрғындарға үйлерінен шықпауға кеңес береді.

АСҚАР ХАБИБУЛИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бүгіннен бастап өңір тұрғындары  өз аймақтарында болуы керек. Басқа аймаққа тек жұмыс істейтін адамдар ғана, арнайы құжатын көрсетіп өте алады. Ал басқа себеппен шыққан адам жауапкершілікке тартылады. Мұның барлығы, карантин тәртібіне бағыну үшін жасалып жатқан жұмыстар.

Бүгінгі күні карантин режимін сақтамай, еш себепсіз көшеде жүрген 42 өңір тұрғыны жауапкершілікке тартылған. Сол себепті, мамандар тұрғындарға үйден шықпауға кеңес береді.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ  КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ МАМАНЫ ПАРА АЛҒАНЫ ҮШІН ҰСТАЛДЫ
17:25, 4 маусым 2020
ОБЛЫСТЫҚ КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ МАМАНЫ ПАРА АЛҒАНЫ ҮШІН ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар