ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ Толығырақ

ҚАРЫЗДЫ ҚАЙТАРУ- ПАРЫЗ

17:02, 11 шілде 2019

9 шілдеден бастап Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының мамандары алимент төлемеушілер мен борышкерлерді іздестіру бойынша үш күндік акция өткізді. Өткізіліп жатқан акцияның мақсаты – іздеудегі тұлғалардың жүрген жерін анықтау 

Акцияның басында полицейлердің өндірісінде 117 іздестіру ісі болды: оның ішінде 28 алимент төлемеуші, 60 борышкер бар. Қалған 29 азамат «туыстық қарым-қатынастарын жоғалтқан тұлғалар» санаты бойынша іздеуде жүр..

РОЗА ЖҮКЕНОВА, СҚО ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Көп азаматтар борышкерлер тізімінде бар жоқтығын білу үшін жүгінеді. Оны білу үшін борышкерлер реестіріне еңгізілген және ҚР аумағынан шығуға рұқсат етілмеген тұлғалар туралы ақпаратты Әділет министрлігінің ресми сайтына кіріп көруге болады.

Рейд кезінде көші-қон қызметінің мамандары  түсіндіру жұмысын жүргізді. Мәселен, борышкер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тек қарызын өтеген жағдайда ғана шыға алатынын еске салды.

- Сіз іздеуде болғаныңыз туралы білдіңіз бе? – Жоқ, білген жоқпын. Кеше полиция қызметкерлері келіп, алимент бойынша қарызымның барын айтты.

Акция басталғалы облыс полицейлері  іздестірудегі 22 адамның жүрген жерін анықтады, оның ішінде 8 алимент төлемеген,  8 борышкер және туыстық қарым-қатынастарын жоғалтқан 6 адам. Көші-қон қызметі басқармасының полицейлері осындай іс-шараларды үш айда бір рет өткізеді.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ  1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
18:05, 19 шілде 2019
АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ 1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...