ШҰҒЫЛ! ЖАҢА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ Толығырақ

ҚАТТЫ ДАУЫЛ САЛДАРЫ

18:00, 20 қыркүйек 2019

Күні кеше болған қатты дауыл салдарынан Тайынша ауданы Леонидовка ауылындағы  мектептің шатыры ұшып кетті. Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше дәл осы күні облысымыздағы Қызылжар, Мағжан Жұмабаев, Аққайын, Мамлют, Жамбыл аудандарында желдің ұйытқуы 28 м/с дейін күшейіпті.Облыста 7000ға жуық адам жарықсыз қалған.   Дауыл салдарынан зардап шеккендер жоқ па? Толығырақ арна тілшілері тарқатсын.

Құтқарушылардың мәліметінше зардап шеккендер жоқ. Аймақ тұрғындарына алдын-ала  смс-хабарлама арқылы қатты дауыл болатындығы ескертілген. Оқыс оқиғалардың алдын-алу мақсатында облыс аудандарына 78 құтқарушы мен 14 бірлік техника жіберілген.

ЕРІК САРЫБАЕВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Дауылды ескерту барлық облыс аумағына таратылған. 560 мыңнан аса адамдарға смс-хабарлама жіберілген. Осыған байланысты түнгі уақытта төтенше жағдайлар штабы құрылған болатын.

Қатты дауыл салдарынан облыста 11 ауыл жарықсыз қалса, ал Петропавлдың 4 ықшам ауданы электр энергиясынан ажыратылыпты. Бүгін  5 ауылда дүлей желдің салдары жойылып жатқандықтан жарық берілген жоқ. Қалған елді мекендері электр энергиясына қосылды. Сондай-ақ өңірде  қатты желдің салдарынан шамамен 20 ағаш зардап шеккен. Солтүстікқазақстанда қатты дауыл Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжыған  циклонның әсерінен болыпты.

ВАЛЕНТИНА СУББОТКА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Кеше кешке, 20-25  -те жер сілкінгендей болады. 5-6 секундтың ішінде тасыр-гүсір дауыс шықты әйнектен қарасам 43 жыл бойы өсіп тұрған мына ағаш құлап қапты. Ауладағы жарық та өшіп қалды. Осы ағаштарды кесіңдер деп коммуналдық шаруашылыққа талай айттым. Бір ағашты кесу 8 мың дейді. Оған біздің шамасыз жетпейцді. Енді міне көріп отырмыз салдарын. 

Кеше яғни 19 қыркүйек күні желдің жылдамдығы секундына  17 ден 28 метрге дейін жетіпті.  Осыдан 50 жыл бұрын секундына 35 метрге дейін де барған екен. Алдағы дүйсенбі-сейсенбі күндері жел қайта күшейеді деп болжануда.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

КӨЗ ҚЫСТЫЛЫҚ, БАРМАҚ БАСТЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
18:04, 23 қазан 2019
КӨЗ ҚЫСТЫЛЫҚ, БАРМАҚ БАСТЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
Толығырақ...
ЖАПОНДАР «АРХИВ 2025» БАҒДАРЛАМАСЫНА АТСАЛЫСАДЫ
17:54, 23 қазан 2019
ЖАПОНДАР «АРХИВ 2025» БАҒДАРЛАМАСЫНА АТСАЛЫСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар