ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

ҚАУІПСІЗ ӨНІМДІ ТАҢДА

20:40, 8 тамыз 2019

Өңірімізде жыл басынан «Қауіпсіз өнімді таңда» республикалық  акциясы жүргізілуде.  Шара барысында кез-келген өңір тұрғыны базардан сатып алған өнімнің құрамын тегін экпресс-зертхана арқылы тексеріп біле алады. Акция нәтижесінде талаптарға сай келмейтін 2 сынама анықталыпты. Толығырақ арна тілшілері тарқатсын.

Жыл басынан бері ұлттық сараптама орталығының мамандары жемістер мен көкөністердің нитратты азотын анықтауға сараптама жұмыстарын жүргізіп келеді.  Зерттеу айына 1 рет өткізіледі. Өткен 6 ай ішінде мамандар жемістер мен көкөністердің 78 сынамасын тексеріпті.  

ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- 2019 жылдың өткен кезеңінде басқарма мамандарымен ерекше тәртіп бойынша өткізілген тексеру нәтижесі бойынша нитратты азоттың құрамы бойынша талаптарға жауап бермейтін ерте өсімдік шаруашылығы өнімдерінің 2 сынамасы анықталды. Олар ерте пияз және қырыққабат. Қауіпті өнімді жою және құрту жөніндегі комиссияның шешімімен 71 кг тамақ өнімдері жойылды.

Талаптарға сай келмейтін пияздар мен қырыққабаттарды байқаусызда жеп қойған жағдайда адам токсикологиялық улануы мүмкін. Эксперсс-зерттеуді «Фитосанитария» фитосанитарлық-токсиологиялық зертханасы «Южный» базарында жүргізеді.  Үлкен жүк мәшинелерімен әкелінген өнімдерді тексеріліп,   қандай да бір кемшіліктер табылған жағдайда кәсіпкер мен жеткізушіге айыппұл салынуы мүмкін.  

ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- «Фитосанитария зертханасы стандартқа сай келмейтін өнімдерді анықтағанда тез арада шектеу шараларын қабылдап, керекті мекемелерге ақпарат жібереді. Ағымдағы жылдың 6 айында зертхананың ұсынған ақпаратына сәйкес  мамандар 1085 сынама тексерген. Ешқандай кемшілік анықталмапты.

Кез-келген өңір тұрғыны қандай да бір көкөністен күдіктеніп, құрамын тексерткісі келсе ұлттық сараптама орталығына жүгіне алады. Ол жерде өнімдегі нитраттың мөлшерін тексеру 965тг тұрады. Зертхана мамандары бүгінгі күннің өзінде базарда сатылып жатқан  қарбыз, қызанақ, қияр, қызылшаға сынама жүргізіпті. Зерттеу  оң нәтиже көрсеткен.

ОЛЬГА БЕЛЯЕВА, ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МАМАНЫ :

- Көкөністердің құрамын иономерт И-60 құралымен тексереміз. Оларды ең алдымен жуамыз, содан кейін 4тен 1 бөлігін алып, оған керекті сұйықтықты қосып араластырамыз. Одан кейін, электромеханикалық стақанға салып, нетижесін 1 минуттай күтеміз. Жалпы әр бір өнімді тексеру 15 минут қана уақыт алады. Мәселен, қарбыздың нитраты талап бойынша 60тан аспауы керек. . Ал біздің тексергеніміз 40ты көрсетіп тұр. Бұл дұрыс деген сөз.

Жаз мезгілі болғандықтан қазіргі уақытта қияр, қызанақ, қарбыз, қауын сияқты азықтарға сұраныс жоғары. Сондықтан да, мамандар егер қандай да бір кемшіліктер табылып жатса, тиісті зертханаларға тез арада  жүгінуге кеңес береді.

Жансая ҚАЙЫПОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар