ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҰМЫТПА!

17:55, 11 маусым 2019

Төтенше жағдай департаментінің мамандары облыстық балалар ауруханасында балдырғандармен кездесті. Құтқарушылар емделіп жатқан балақайларға қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керектігін үйретті.

3 айға созылатын жазғы демалыс мезгілінде балалардың ата-аналары екі есе сақ болуы тиіс. Себебі, орманда және судың маңында демалған кезде қараусыз қалған бүлдіршіндердің жарақат алу қауіпі аса жоғары. Балалар да қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте ұстағандары жөн. Бүгінгі кездесудің мақсаты да осы, тағы бір мәрте сақтық шараларын еске салып, білмегендерін таныстыру. Шара барысында департамент қызметкерлері кішкентай емделушілерге түрлі сұрақтар қойып, мультфильм көрсетіп, адамға ең бірінші көрсетілетін көмек жайлы айтып берді.

ҚУАТ МАХМЕТОВ, ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БӨЛІМІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ:

- Жазғы демалыстың басталуына орай біздің департамент балалармен, оқу орындарымен, жазғы сауықтыру лагерларьмен бірлесіп осындай шаралар өткізуде. Біз қауіпсіздік ережелері туралы айтамыз. Мұндай шаралар жаз бойы өткізілмек.

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
18:09, 20 қыркүйек 2019
ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
Толығырақ...
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...