ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТӘРТІБІ Толығырақ

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ШИПАГЕРЛІК

20:47, 20 наурыз 2020

Қазақ даласында мың дертке бір ем болған. Ата-бабамыз шынымен түрлі аурудың дауасын білген. Айықпас дертке шалдыққандарды жыланның сорпасымен, түлкінің тұмсығымен,  жабайы қабанның майымен сауықтырған. Емдік шөптің де сан алуанын адам ағзасына ем-дәру ретінде пайдаланған. Халық медицинасы түбегейлі жоғалып кеткен жоқ. Оны сыртта жүрген жекелеген қандасымыз қолданады. Сонымен қатар, білігі мен білімін ұрпақтарына дәріптеп жүр. Солардың бірі Жалын Серікжан елге келген короновирус атты індеттің де шипасы бар. Оның дауасын қазақ даласында өсетін шөптерден табуға болады деп есептейді.

Көшпенді тұрмыс салтын ұстанған аталарымыз шипагерлікпен мықтап айналысқан. Мұны айғақтайтын тарихи мағлұматтар бар.  Қазақ емшілігін шыңына жеткізген бірден бір адам Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. Халық емшісі ХV-ғасырда өмір сүрген. Қазақ -Жоңғар соғысы кезінде жаралы қандастарымызға  операция жасапты. Шипагер 95 жасқа дейін өмір сүрген. Көзі тірісінде жазған мол мұрасы қытайдың кітапханасында сақтаулы.  Атадан қалған «Шипагерлік баяны» кітабы санаулы қандасымыздың да қолында бар.  

ЖАЛЫН СЕРІКЖАН, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы дінге, заңға да бағынбаған. 13 жасынан  халал бауыздамай, қойды бауырынан сұғып алып немесе жотасынан сұғып, тұяқтының өлімші халін байқаған. Сөйтіп, пышақпен салған жараны тіккен.  

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының еңбектерін негізге алып жүрген қандастарымыз санаулы. Жалын Серікжанның әулеті шипагердің тәмсілдерін ауру-сырқауды емдеу кезінде ұстанады.  Шарапатын да көріп жүр. 

ЖАЛЫН СЕРІКЖАН, ХАЛЫҚ МҰРАСЫН ЖАҢҒЫРТУШЫ:

- Өтейбойдақ атамыздың жазып қалдырған шипашақтарын біз де қолданамыз.  Менің атам да емші болған кісі. Немересі, яғни менің 5 жасар інім қазанда қайнап тұрған сүтке аяғын күйдіріп алады. Атам оны қызылмия өсімдігінің тамырымен емдеді. Кептірілген тамырды суға қайнатып, кейін суытып қолдырап тұрған аяқ терісіне апта бойы күніне үш-төрт рет құйып отырды. Інімнің аяқ терісі дақсыз бітіп, қалпына келді, біртіндеп түктер шыға бастады. 

Жалын жас кезінде өкпесіне суық тигізіп алады. Елемей жүріп, ауруын асқындырады. Сөйтіп, қатты жөтеліп, үздіксіз қан түкірген. Дәрігер қолдан еш шара келмейді деп қайтарыпты. Бірақ бала Жалынды емші атасы құтқарыпты.  

ЖАЛЫН СЕРІКЖАН, ХАЛЫҚ МҰРАСЫН ЖАҢҒЫРТУШЫ:

- Өкпе жолындағы ұсақ қан тамырлары жарылып кеткен. Сондықтан мен қан түкіріппін. Атам түлкінің тұмсығын 11-ге бөлшектеп, шытқа түйіп қайнатты. Бір апта ішкізді. Төсек тартып жатып қалған мен бірден оңалдым. Негізі атам түлкінің тұмсығы серт дейді.

Атамқазақ қаны аз, денсаулығы әлсіз, майлы, қышқыл тағамды тұтына алмайтын адамдарға таң сәріден ыстық саумал ішкізген.

Сондай-ақ, адамды емдеу кезінде түз тағыларының майын, дене мүшелерін пайланаған. Мысалы, жабайы қабанның майын өкпесіне суық тиген адамның кеудесіне жағып, сауықтыратын тәжірибе бар.

ЖАЛЫН СЕРІКЖАН, ХАЛЫҚ МҰРАСЫН ЖАҢҒЫРТУШЫ:

- Қазақ жерінде, әсіресе, шөлейтті, ыстық аудандарда «Көлбар» жыланы мекендейді. Оны туысқандарым ішінде ұны бар, құмыраға салып сақтап қояды.  Жыланның сорпасын өлімші халде жатқан адамға, жылан шағып алғандарға ішкізеді. Әсері орасан. Асқорыту жүйесі істен шыққан адамдарға осы жыланның сорпасын ішкізеді. 

Халық даналығында «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» -деп текке айтылмаған. Ұлы дала төсінде өсетін сан алуан шөптің емдік қасиеті мен оны шипагерлікте қолданбай жүрміз дейді жерлесіміз Жалын Серікжан. Өкінішке қарай, әзірше, атадан қалған баға жетпес қазынаның шарапатын қара қытай көріп жүр.

Берік ҚАСЕН

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР АРНАУЛЫ ЖИЫНҒА ШАҚЫРТЫЛАДЫ
20:40, 3 сәуір 2020
ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР АРНАУЛЫ ЖИЫНҒА ШАҚЫРТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ
17:16, 31 наурыз 2020
ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ
Толығырақ...
АУДАНҒА ҚОСЫМША КҮШ-ҚҰРАЛДАР ЖІБЕРІЛДІ
17:18, 30 наурыз 2020
АУДАНҒА ҚОСЫМША КҮШ-ҚҰРАЛДАР ЖІБЕРІЛДІ
Толығырақ...
СОТТАЛҒАНДАР ТУЫСТАРЫМЕН БЕЙНЕБАЙЛАНЫСҚА ШЫҚТЫ
17:20, 30 наурыз 2020
СОТТАЛҒАНДАР ТУЫСТАРЫМЕН БЕЙНЕБАЙЛАНЫСҚА ШЫҚТЫ
Толығырақ...