ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

«ҚАЗАҚ» МӘДЕНИЕТІНІҢ ФЕСТИВАЛІ

13:03, 5 шілде 2019

Елорда күні қарсаңында Петропавлда Қазақ мәдениетінің фестивалі өтті. Қазақстан Халқы Ассамблеясының мұрындық болуымен ұйымдастырылған шараға өңірдегі түрлі этнос өкілдері мен ауызбіршілігімізді нығайтуға үлес қосқан азаматтар және қала тұрғындары қатысты.

Қазақ мәдениетінің фестивалі былтыр да Елорда күні қарсаңында өткізілген болатын. Дәстүрге айналған, мәдениетіміз бен бірлігімізді нығайтуға бағытталған шара да биыл жалғасын тапты. Оның мақсаты мемлекеттік тілде білім мен тәрбие беріп жатқан азаматтарды, қоғамның мәдени дамуына үлес қосқандарды назардан тыс қалдырмай, еңбектерін бағалау.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, «ҰРПАҚ» ҚАЗАҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ҚБ ТӨРАЙЫМЫ:

Егемендік жылдардың ішінде қазақ мәдениетінің дамуына жеке үлесін қосқан көптеген азаматтар марапатталады. Және де біздің СҚО ҚХА қазақ тілін, мәдениетін дамытуға өз үлесін қосып жатқан этно-мәдени орталықтардың төрағалары мен белсенді мүшелері бүгін жоғары сахнада Астана күніне арналып, олар да марапатталып жатыр.

Жалпы шара барысында 12 адам марапатталды. Олардың қатарында этно-мәдени орталықтардың төрағалары, театр актерлері, филармония дерижері арнайы марапатқа ие болды. Қалалық мәдениет үйінің директоры Асқар Жәменов бүгінгі фестивальде «мәдениет саласының жанашыры» номинациясы бойынша алғыс хат алды.

АСҚАР ЖӘМЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Қазақстан халқы ассамблеясына жыл бойы көмектескеніміз үшін бүгінгі қазақ фестивалінің арқасында осындай марапатқа ие болып отырмыз. Жыл бойы бізден көмек сұрағаннан кейін біз қол ұшын беріп, қазақ болғаннан кейін, қазақ ұрпағының жалғасы болғаннан кейін көмегімізді аямай ассамблеядағы ұйымға өзіміздің көмегімізді беріп отырамыз.

Мәдениет үйі директорының сөзінше ертеңгі елорда күніне ұжым ерекше концерттік бағдарлама әзірлеген. Бұл мейрамнан Қазақстан Халқы Ассамблеясы да шет қалмайды.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...