ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН - БІРЛІКТІҢ АҚ БЕСІГІ

17:54, 6 қыркүйек 2019

5  қыркүйек- Қазақстан халқы тілдерінің күні. Мерекеге орай  Петропавлда «Қазақстан-бірліктің ақ бесігі» атты  21-інші облыстық фестиваль өтті. Шара аясында ұлттық қолданбалы қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Тіл жанашырлары облыс әкімінің құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ мемлекеттік тілді жақсы меңгерген аудан орталықтары да анықталды. Толығырақ келесі бейнематериалымызда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арналған жолдауында қазақ тілінің рөлін арттырып, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру керек деген болатын. Бүгінгі шара ұйымдастырушыларының да діттеген мақсаты осы. Өңірде «Қазақстан-бірліктің ақ бесігі» атты фестивальді өткізу дәстүрге айналған. Шараға қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев құттықтайды.

РУСЛАН ӘЛІШЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазақ тілі Абай, Мағжан сөйлеп кеткен тіл. Мемлекетті тіл Қазақстан халқының саясатының басты бірлігі. Бүгінгі күні  мекемелерде мемлекеттік тілде іс жүргізуді жетілдіру  үшін қажетті материалдық-техникалық базалар жабдықталып жатыр. Облыста барлық этникалық топтарда мәдениетін дамытуға жағдай жасалып отыр. Қазақ тілін латын алфавитіне көшіру уақыт талабы және өркениет өрісі.

Қазақстан халқы тілдерінің 21-інші фестивальінде мемлекеттік тілдің жанашырлары облыс әкімінің құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапатталды. Солардың бірі- Самал Есімсейітова. ҚР Ұлттық ұлан әскери бөлімінде қызмет етеді. Еліміздің тыныштығын көздің қарашығындай қорғайтын әскерилер көк туымызды қалай қастерлесе, тілімізге де  дәл солай құрмет етеді дейді ол.

САМАЛ ЕСІМСЕЙІТОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН 6637 ӘБ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫСЫ БӨЛІМШЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

- Әрбір ҚР азаматы мемлекетті тілді, қазақ тілін білуі міндетті. Ал әскери азаматтардың мемлекетті тілді жетік білуі борышы. 00:57. Және латын әліпбиіне көшу де басты тақырыптардың бірі. Мәселен барлық қарулы күштердің ішінде ең брінші болып ұлттық ұлан әскері оқу-әдеітемелік жиынтық ұйымдастырды.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы жыл бойы аудандар арасында мемлекеттік тілде құжат жүргізу бойынша байқау жариялаған.  Нәтижесінде Айыртау ауданының мамандары үздік деп танылды. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі шығыс құжаттарын толықтай 100 пайыз, ал кіріс есептерін 97 пайыз мемлекеттік тілде жүргізеді екен.

АРАЙЛЫМ БАТЫРБАЕВА, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ, АЙЫРТАУ АУДАНЫ:

- Осындай көрсеткішке жетіп отырған себебіміз барлық мемлекеттік қызметкерлер болсын, бюджеттік сала мамандары болсын қазақ тілі үйірмелеріне қатысады. Ешкімге ешқандай қиындық туындамайды. 

Сонымен қатар әрбір аудан өкілдері шараға келушілер назарына ұлттық қолданбалы өнер көрмесін де ұсынды.Шара соңында  өңір өнарпаздары ән мен жырдан шашу шашты.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар