ШҰҒЫЛ! ЕСІЛ АУДАНЫНА – 90 ЖЫЛ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ ӨТІП ЖАТЫР

18:25, 16 мамыр 2018

Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Петропавл облысында «Қазақстан өңірлерінде жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» тақырыбында аймақтық семинар тренинг ұйымдастыруда. Бұл шара негізінен үш күнге жоспарланған. Қазақстан Халқы Ассамблеясының қолдауымен өтіп жатқан шарада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған мәселелер түсіндіріліп, оны жер-жерге жеткізу һәм жүзеге асырудың тетіктері талқыланбақ.

Үш күнге жоспарланған семинар - тренинг жұмысына лекторлар ретінде  Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілдері, отандық сарапшылар, мемлекеттік қызметшілер мен зиялы қауым өкілдері арнайы шақырылған. Жиын дәріс-сұхбат, тренинг, талқылау, практикалық сабақтар форматында өтті. Басты міндет қоғамдық сананы жаңғыртып, бірлік пен бірегейлікті нығайтуға барынша үлес қосу.

ЛЕОНИД ПРОКОПЕНКО, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Өңірлік семинар барысында қоғамдық сананы жаңғырту, «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асырудағы Қазақстан Халқы Ассамблеясының міндеттері, Қазақстанның қоғамды жаңғыртудағы саяси, экономикалық және рухани мәселелері қаралады. Семинар-тренинг бағдарламасында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жалпыұлттық бірлік пен бірегейлікті нығайту саласында жүзеге асырылуы бойынша тәжірибе алмасу қарастырылған.

Семинар-тренингтің жұмысына этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселесімен айналысатын мемлекеттік қызметкерлер, облыстың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері және Ақмола, Қостанай облысынан келген қонақтар белсене араласты.  Өңірімізде 26 облыстық, 175  аудандық этномәдени бірлестік бар. Олардың  этносаралық және конфессияаралық мәселелерді шешуде  және ел бірлігін нығайтуда рөлі зор.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, «URPAQ» ҚАЗАҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Бүгінгі уақытта Елбасының 5 бастамасын талдап жатырмыз. Осы бес бастама арқылы көптеген әлеуметтік  мәселе шешеді. Және олардың шешуі біздің ұлттық бірлікке өте жақсы әсерін крсететді деп ойлаймыз. Қазіргі уақытта осы семинарда ҚХА заңына өзнерістер енгізілді. Сол жайында көп ойларымызды ортаға салып жатырмыз. Осы заңда этномәдени орталықтардың міндеттері, олардың расында да барлық халықтарды біріктіруі, өз халқының мәдениетін дамыту саласында нормалар енгізіліп жатыр.

КӘМИЛА АХМЕДИЯРОВА, ЕРЕМЕНТАУ АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ:

- Бүгін біз Петропавл қаласына Ақмола қаласынан келіп отырмыз. Мен Ерементау ауданының ішкі саясат басқармасының басшысымын. Біздің жұмысымыз өзге ұлттық этномәдени орталықтармен  тығыз байланыста. Сондықтан осы тренинг бізге өте нақты.

Өткізілген іс-шара барысында этносаралық қатынастар жағдайымен байланысты кең көлемді сұрақтар талқыланып, басқару салаларындағы саясатты іске асыру жөнінде құнды ұсынымдар айтылды. Семинар-тренинг үш күнге жалғасады.

Арайлым ӘЛІБИҚЫЗЫ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, семинар, Қазақстан Халқы Ассамблеясы

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ ЖОЛДАРЫ ЖАҢА ӘДІСПЕН ӨҢДЕЛІП ЖАТЫР
13:35, 14 тамыз 2018
ПЕТРОПАВЛ ЖОЛДАРЫ ЖАҢА ӘДІСПЕН ӨҢДЕЛІП ЖАТЫР
Толығырақ...
БИЫЛ Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНА ОҢТҮСТІКТЕН  45 ОТБАСЫ ҚОНЫС АУДАРАДЫ
13:30, 14 тамыз 2018
БИЫЛ Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНА ОҢТҮСТІКТЕН 45 ОТБАСЫ ҚОНЫС АУДАР...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар