ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ РЕСЕЙ БАЛАЛАР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫ КЕЗДЕСТІ

17:54, 6 желтоқсан 2018

6-7 желтоқсан аралығында Қазақстан және Ресей балалар ұйымдарының көшбасшылары Петропавлдағы оқушылар сарайында кездеседі. Белсінділер екі күн әлеуметтік жобаларын таныстырып, балалрдың қоғамдағы рөлі мәселелерін алға тартатын болады. Халықаралық кездесуге Қазақстанның СҚО-нан, Қарағанды, Көкшетау қалаларынан және Ресейдің Волгоград және Томск облысының 100-ге жуық жастары жиналып отыр. Алқалы жиында біздің де түсірілім тобы болып қайтты.

Бұл жеткіншіктер әр орталықтың белсенділері,шығармашыл жандар, қоғамдық өмірде орны бар, әлеуметтік жобалардың бастамашылары. Республикалық «Жас ұлан» ұйымы Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 2011 жылы құрылған болатын. Бүгінде жас ұландықтардың қатары қалың, олар жасөспірімдердің бойындағы азаматтық рухын көтеріп, еңбексүйгіштікті қалыптастырып, білім мен өзін-өзі дамытуды мақсат еткен. Көкшетау қаласының белсендісі Назима Сүлейменова аталмыш ұйымның бетке ұстар өкілі.

НАЗИМА СҮЛЕЙМЕНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ:

- Жас ұлан ұйымынан және облыстық әдістемелік орталығынан вокалдық студиясынан келіп отырмын. Халықаралық және республикалық конкурстарымның арқасында осы кездесуге келіп отырмын. Бүгінгі кездесуде, мен, Армян халық әнән орындаймын. Осы кедесуге шақырып отырғандарыңыз үшін Петропалға үлкен алғысымды білдіремін.

Шараға Ресейдің Томск облысынан «Чудо» балалар ұйымының өкілдері келіп отыр. «Чудо» орталығының жеткіншектері мұндай шаралар балаларға қосымша білім беріп, ой-өрісін дамытады. Басқа қалалардың өрендерімен танысып, тәжірибелрімен алмасуға үлкен мүмкіндік, дейді.

АЛЁНА ЛЫКОВА, «ЧУДО» ТОМСК ОБЛЫСЫНЫҢ БАЛАЛАР ҰЙЫМДАРЫ ОДАҒЫНЫҢ АҒА ТӘЛІМГЕРІ:

Халықаралық форум аясында Солтүстік өңірге бірінші рет келіп отырмыз. Бүгін біз, «Молодые лидеры России» тақырыбында сөз қозғаймыз. Онда жасөсіпімдер өңірлік кезеңге қатысып, бүкіл Ресейлік «Океан» балалар орталығына жолдама алады. Осының арқасында, баланың тұлға болып қалыптасуында үлкен үлес қосылады деп есептеймін.

Жиынға СҚО-ның, Қарағанды, Көкшетау, Ресейдің Волгоград қаласы және Томск облысының 100-ге жуық жас жиылған. Олар бүгінгі жиынға осы күнге дейінгі жеткен жетістіктері мен балалар ұйымдарында атқарған жұмыстарын, тәжірибелерімен бөлісуге келіп отыр.

АЛЕКСАНДР ШТРО, БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ:

- Мұндай шараны дәстүрге сай өткізіп отырамыз. 1 желтоқсан - Тұңғыш президенті күніне орай немесе 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігіне тұспа-тұс келтіріп балаларға арнап қызықты бағдарлама ұйымдастырдық. Тек дөңгелек үстел мен шеберлік сағаттарымен шектелмейміз. Мәдени бағдарламалар мен қала бойынша квест-саяхат ұйымдастырдық. Балаларға ұнайды деген сенімдеміз.

Балалар оқушылар сарайы мен Петропавл қаласы бойынша, атап айтқанда Абылай ханның ақ үйі, СҚО тарихи-өлкетану мұражайы, «Нептун» аквапаркі мен ботаникалыққа баққа саяхат жасамақ.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...