ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

13:06, 1 қараша 2019

Ресейдегі Түмен қаласында қазақтың ұлттық тағамдарына сұраныс жоғары.  Қазы-қарта мен қуырдақ, бауырсақ түмендіктердің сүйікті асына айналған. Бұған Қазақстанда жасалған тауарлардың Ресей нарығына шығуы  да сеп болған. Тілшіміз тарқатады.       

Александр Лищенко Екібастұз қаласының тумасы. Қазақстанда туып-өскен жерлесіміз ұлттық тағамдарды бұрындары үйінде пісірсе, қазір  арнайы тойханаға келіп ауқаттанады.  

АЛЕКСАНДР ЛИЩЕНКО, ТҮМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- 20 жыл болды көшіп келгеніме. Елді сағынғанда, балалығымды сағынғанда осында келемін. Еттің бұрқыраған иісі, қымыздың тіл үйірер қышқылтым дәмі, бала күнімдегідей әсерде боламын.

Қазақша пісірілген ет, қазы-қарта,  бауырсақ пен бүйрек, қымыз. Бұның бәрі де қазақ мейрамаханасының мәзірі. Ал аспаз, ұлты орыс болса да тез үйреніп алдым дейді. Өйткені дәмін татқасын-ақ ұнатыпты.

ИРИНА СОЛОВЬЕВА, АСПАЗ:

- Қазақша ет асуды, қуырдақ, сірне, мипалау сияқты ұлттық тағамдарды пісіруді түгел осында үйрендім. Мәзірде шығыстың басқа да тамақтары бар. Бірақ бізге келгендер көбіне бауырсаққа, бүйрек пен етке тапсырыс береді. Әр ұлттың өзінің тағамы дәмді болады ғой.

Түмендіктердің айтуынша ұлттық дәмхана- салт-дәстүр мен мәдениетті насихаттаудың таптырмас құралы. Ақ дастарханнан дәм татқасын сол халықтың тарихы мен әдет-ғұрпын танығысы келеді. Сондықтан 12 қанатты кербез орда, бүгіндері қаладағы атаулы демалыс орындарының біріне айналған.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...