ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

«ҚАЗПОШТА» БӨЛІМШЕЛЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР

17:24, 1 сәуір 2020

Мемлекет басшысының мәлімдемесінен кейін барлық зейнеткерлердің зейнетақылары 10 пайызға өсетін болды. Және бүгіннен бастап қарияларымызға өздеріне тиесілі ақшаны алу үшін үйден шығудың қажеті жоқ. Себебі, «Қазпошта» АҚ қызметкерлері облысымыздағы 65 жастан асқан қарттарға енді зейнетақыларын үйлеріне әкеліп беретін болады.  Төтенше жағдай кезінде басқа қалалар мен шет елдерден облыс азаматтары сәлемдеме  ала алады ма? «Қазпошта» АҚ жұмыс тәртібіне қандай өзгерістер бар? Арна тілшісі Ж.Қайыпова баяндайды.

Жалпы облысымызда «Қазпошта» АҚ 180 бөлімшесі бар. Оның 10-ы Петропавлда орналасқан. Елде төтенше жағдай енгізілгенімен пошта қызметкерлері жұмыс тәртібін өзгертпеген. Тек сақтық ҮШІН барлық мекеме қызметкерлері арнайы медициналық маскалар мен резина қолғаптар киіп отырады. Және бүгіннен бастап пошта АПТАСЫНА 1рет залалсыздандырылатын болады.

БЕКЖІГІТ БЕКБЕРДИЕВ, «ҚАЗПОШТА» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- Тұрғындар әлі де біздің көмекке жүгінуде. Қазыр барлық жол жүру көліктерін тоқтатқандықтан, басқа қалалардан өз сәлемдемелерін пошта арқылы алғызып жатыр. Жұмыс кестесінде еш өзгеріс  жоқ. Таңғы 9дан 18.00ге дейін ашық. Келушілерге маска тағып келулерін, өтініп сұраймыз.

Жалпы «Қазпошта» АҚ қалалық филилалында  бүгінгі күні  1200ден астам адам жұмыс істейді. Бүгіннен бастап олар 65 жастан асқан қариялардың зейнетақыларын үйлеріне апарып беретін болады. Мұның барлығы, зейнеткерлердің үйден шықпауын қамтамасыз ету үшін жасалған. Қазіргі уақытта тж байланысты коронавирус індеті өршіген елдерден тауар әкелуге шектеу қойыла бастапты.

БЕКЖІГІТ БЕКБЕРДИЕВ, «ҚАЗПОШТА» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- Шет елден келетін сәлемдемелерге шектеу қойылып жатыр. Әсіресе Қытай мен Италия елдерінен жіберілетін тауарлар тексеріліп, арнайы залалсыздандырудан өткізіліп  қана жіберіледі. Бірақ, бұрыңғымен салыстырғанда поштаға келушілер де азайды.

Қазіргі уақытта аталмыш мекеме тек апатсына 1рет қана залалсыздандырылады. Пошта директорының айтуынша, алдағы уақытта дезинфекциялық жұмыстардың саны артпақ

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР  АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ
17:17, 29 мамыр 2020
ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар