ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

​«ҚАЗСУШАР» РМК СҚОФ ТАРИФ БАҒАСЫН КӨТЕРМЕК

20:40, 27 қазан 2020

«Қазсушар» РМК СҚОФ 2021 жылдан бастап тариф бағасын көтермек. Бұл туралы олар бүгінгі қоғамдық тыңдалымда жария етті. Аталмыш кәсіпорын соңғы рет табиғи монополиялаларды реттеу департаментінің мақұлдауымен 2015 жылы 0,50 теңгеге қымбаттатқан екен.

Алайда, соңғы 5 жылда олар едәуір шығынға батыпты. Мамандарының сөзінше, көршілес өңірлермен  салыстырғанда СҚОда ғана су құны  төмен. Сол себепті 2021-2025 жылдар аралығындағы тариф бағасын 1,86 теңгеден бастап инфеляцияға сай біртіндеп көтеруді ұсынып отыр.Жалпы «Қазсушар» кәсіпорнының облыстық филилалының құрылымына «Сергеев, Петропавл және Шарық» гидротораптары кіреді. Ал негізгі су тұтынушылары халықты ауыз сумен қамтамасыз етіп жүрген «қызылжар су, есіл су» серіктестіктері мен «Севказэнерго» АҚ сынды басқа да мекемелер.

ШҰҒАЙЫП ИБАТУЛЛИН, «ҚАЗСУШАР» РМК СҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.:

- Кәсіпорын құрылғыларын қайта қалпына келтіру үшін тарифті өсірмекшіміз. Яғни, жөндеу жүргізуде қолданылатын материалдардың бағасы қымбаттап кеткен. Және жұмысшылардың да еңбекақылары өсіп жатыр. Соған сай, біз де тариф бағаларын көтеруіміз керек. Және Сергеев, Петропавл мен  Шарық гидротораптарын да жөндеу үшін бізге қосымша қаражат керек.

«Қазсушар» кәсіпорнының облыстық филиалынан  жылына 39810 млн текше метр су алынады. Және олар жан-жаққа таратылады. Сол себепті мамандарының айтуынша, егер аталмыш кәсіпорында тариф бағасы қымбаттаса бұл тұрғындар тұтынып отырған ауыз су бағасына еш әсерін тигізбейді. Қазіргі уақытта тариф бағасын көтеру мәселесі табиғи монополиялаларды реттеу департаментімен қарастырылуда. Нақты шешім, қараша айының соңында шығарылады.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 27 қараша 2020
ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
20:34, 27 қараша 2020
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
Толығырақ...
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
17:24, 27 қараша 2020
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...