ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

КӘДЕСЫЙДЫҢ ШЕБЕРІ

17:57, 16 тамыз 2019

Петропавл қаласының тұрғыны Әлішер Хамзин түрлі темір қалдықтарынан кәдесый жасайды. Бұл істі кәсіп қылып, одан пайда көру үшін кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы «бизнес- Бастау»  оқу курсынан өтті. Шебер өз еңбектерінде  кинофильмдердің кейіпкерлерін, түрлі спортшыларды, мамандық иелерін бейнелейді екен. Бүгінгі күннің ұстасының бұйымдарын әріптесім тамашалап қайтты.

Мынайдай кәдейсыйды дайындау үшін кем дегенде жарты сағаттан, екі сағатқа дейін уақыт қажет. Әлішер Хамзинге бұндай дүние жасау идеясы ойда-жоқта келіпті. Пластмассадан жасалған осындай іспеттес сыйлықты көріп қызыққан жігіт, оны темірден істеп көруді ұйғарады. Нәтижесінде, Әлішер хоббиді кәсіпке айналдырып, бүгінде табыс тауып отыр.

ӘЛІШЕР ХАМЗИН, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

- Темірден жасалған кәдесый ойымдағыдай шыққан соң, табыс көзіне айналдыру қажет деп шештім. Ол үшін Биснес Бастау бағдарламасы бойынша оқу курсынан өттім. Бизнес жоспарды қорғап, бөлінген қаржыны алдым. Шағын шеберхана аштым. Жанымда екі көмекшім бар. Айналысқаныма жарты жылдай уақыт болды. Сұраныс көп.

Басты материал темір бұрандалар, шынжыр, бұрандамалар, темір қалдықтары. Кәдесыйлар көбіне адам бейнесінде жасалған.  Мәселен мына еңбекте скрипкашы мен баяншы бейнеленген. Әлішер бұйымдарды тапсырыс бойынша да жасайды.   

ӘЛІШЕР ХАМЗИН, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

- Ойыңдағыны шынайы қылып жасау қажет. Бұл шығармашылықты қажет етеді. Содан соң, оны ұсақ материалдан жинау керек.  Мәселен, менің қолымда қазір сарышаянның үлгісі. Бұны жасау үшін қажетті материалды табамыз. Мүсіннің көлемін анықтап, темірді тазалаймыз. Тот басқан болса, қышқылға немесе майға салып тазартамыз. Содан соң материалды балқытып біріктіреміз, соңында әрлеп, бояп безендіреміз.

Жас кәсіпкер болашақта шеберлер санын арттырып,  саз балшықтан, шыныдан, ағаштан түрлі сыйлықтар жасауды жоспарлап отыр. Айта кеткен жоқ, мұндай ерекше бизнеспен айналысатын адам облыста бұған дейін тіркелмеген.

Жанбота СЕНТАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
13:13, 15 қазан 2019
БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар