ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ Толығырақ

КЕҢЕС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ АУҒАНСТАННАН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 31 ЖЫЛ

17:55, 14 ақпан 2020

1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылуы аяқталды.   Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті атаулы күннің 31 жылдығы қарсаңында интернационал жауынгерлермен кездесу ұйымдастырды. Дәстүрге айналған іс-шара департамент бастығы Азат Кәрімуллиннің қатысуымен салтанатты түрде өтті.

Құсман Бегалинов Ауғанстанға 1980 жылы шақыртылды. Басында барлығы құпия болды дейді интернационал-жауынгер, тек Мәскеуге іссапарға барасың депті басшылық.  Келген соң Ауғанстанға кеңесші ретінде жарты жылға жіберілгенін хабарлады. Нангархардың Шығыс провинциясына Джелалабад облыстық орталығымен кірді,бұл Пәкістан шекарасы. Міндет-  қарақшылық құрылымдардың бағыттарын анықтау, кейіннен оларды жою болған.

ҚҰСМАН БЕГАЛИНОВ, ИНТЕРНАЦИОНАЛ ЖАУЫНГЕР:

- Кеш болды.... тұратын жерімізге қайтып келе жатқанымызда дұшмандар бізге обстрел жасап, өлтірмекші болды. Алайда, біз оларға қарсы тұрдық. Біздің жігіттер қайраткерлік жасап сол жерден аман шықтық.

Департамент бастығы Азат Кәрімуллиннің айтуынша, бұл іс – шара ұрпақтар сабақтастығын, мызғымас құндылықтарды, әскери қызметті, патриотизмді және өз Отанына деген сүйіспеншілікті дәріптейді.

АЗАТ КӘРІМУЛЛИН, ҚР ҰҚК СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Соғыста қанша қазақстандықтар соның ішінде біздің құрметті ардагерлеріміз де бар. Олар қайтан Отанға оралып, жұмыстарың жалғастырып , кейін осы мекемеден зейнетке шықты. Қазірде өздерінің жанұяларымен тыныш өмір сүріп жатыр. Осындай күндері біз оларды өзімізге қонаққа шақырып, жастармен кездесу ұйымдастырамыз.  

Кездесуге10 интернационал жауынгер   қатысты. Айта кету керек, өңірімізде  Ұлттық қауіпсіздік органдарының жүзден астам ардагері бар.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
17:52, 19 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...