ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕР ТАУАРЛАРЫНА ІЛЕСПЕ ҚҰЖАТ РӘСІМДЕУІ ҚАЖЕТ

20:37, 27 қазан 2020

Кәсіпкерлерге тауарларына  ілеспе құжатын рәсімдеу талабы қойылады.   Бұл жаңашылдық өнім тауарөндірушіден шыққаннан бастап, тұтынушыға жеткенше дейін барлық ақпаратты сақтап-көруге мүмкіндік береді.  Құжат қазіргі жөнелтпе құжаттың орнында қолданылады.

Қанатқақты жобаны кезең-кезеңмен енгізу жоспарланған.   Алғашқысы келесі жылдың 1 наурызынан бастап, акцизделген тауарларға ілеспе құжат рәсімделеді. Оларға этил спирті, алкогольді өнімдер, жана-жағар май, дизель отыны  мен темекі өнімдер жатады.  

НАТАЛЬЯ НЕКРАСОВА, СҚО МКД ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- 2021 жылдың 1 наурызынан бастап, сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық аймақ аясында импортталатын және экспортталатын барлық тауарларға ілеспе құжат толтырылады. 1 мамырдан бастап, Виртуалдық қойма арқылы рәсімделетін барлық құжаттарға, 1 шілдеден бастап,  Дүниежүзілік сауда ұйымы тізімінен алынған тауарларға да қатысты болады.  Қанатқақты жобаға барлық салық төлеушілер, тізімге енген тауарлар тобы қатысуы тиіс.

Қанатқақты жобаны жүзеге асыру барысында әкімшілік жауапкершілік қолданылмайды. Бұл уақыт кәсіпкерлерге жаңа жүйеге бейімделіп, дайындықтарын пысықтау үшін арналған. Жаңа құжатты ресімдеу жайындағы толық ақпаратты мемлекеттік кірістер департаментінің сайтынан, ведомствоның әлеуметтік желілердегі акаунттарынан біле аласыздар.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 27 қараша 2020
ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
20:34, 27 қараша 2020
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
Толығырақ...
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
17:24, 27 қараша 2020
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...