ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ЖОБА

20:33, 5 маусым 2019

Елбасы Жолдауында бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан қорғау қажеттігін айтты. Осыған байланысты былтыр өңірде «Protecting Business and Investments» жобалау кеңсесі ашылды. Содан бері облыс кәсіпкелерінен түрлі мәселелер бойынша 44 өтініш келіп түскен.

Мемлекеттің көмек құралдарының бірі - «инвесторларды және кәсіпкерлерді  сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау» жобасы. «Рrotecting business and investments» деп аталған жоба қолайлы инвестициялық климат құру және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатын көздейді.

ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ   ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

- Жоба аясында кәсіпкерлерді агенттік қызметкерлері мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан қандай да бір сыбайлас жемқорлық қол сұғушылықтардан толық қорғайды. Ол  құқықтық кеңестерді, мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз етуді, Нормативтік құқықтық актті жетілдіруді қамтиды. Республика бойынша 280 инвестормен жалпы соммасы 10трлн теңгенің келісімінеге қол қойылса, біздің облыста жоба аясында келісімшартқа отырған кәсіпкерлердің саны - 12.

Облыста «Радуга», «BioOperations», «ЕМС –агро» ЖШС-тері, «Голуб» ЖК секілді 12 жергілікті және шетелдік инвесторлармен жалпы сомасы 137,9 млрд.теңгеге келісімге қол қойылды. Олардан жоба басталғалы 44 өтініш-арыз түскен.

ОЛЕГ ХРУПИН,  ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Негізінен бұл жергілікті атқарушы органдардың ақпарат беру мерзімдерін сақтамауына байланысты өтініштер. Ақпарат әр түрлі сылтаулармен кеш не болмаса тіпті мүлдем ұсынылмауы мүмкін. Сонымен қатар жер мәселесін де атап кетуге болады. Департаменттің арқасында және жүргізілген тексерістердің нәтижесінде көптеген кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды. Жауапты тұлғалар бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, 2018 жылдың қазан айында «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау» фронт кеңсесіне Ғабит Мүсірепов ауданында кәсіпкерлердің бірі жүгінген. 

ИГОРЬ САВИЦКИЙ,  ЗАҢГЕР:

- Менің клиентім – Қостанайдың жеке кәсіпкері, құс фабрикасының құрылысына қаржы инвестициялады. Бірнеше құрылтайшылармен бірге серіктестікашып, Ғабит Мүсірепов ауданында  фабриканың құрылысы басталды. Құрылыс алаңы жалға алынды. Серіктестік мүшелерінің арасында жанжал пайда болып, нәтижесінде қоғам мүшелерінің бірі жер инспекциясына кәсіпкерге  жер телімін заңсыз рәсімдеген деп шағымданған. Осыған байланысты тексерістер жүргізіліп, Нәтижесінде сот отырысы өтті. Құзырлы орган  жер телімін жалға беруде заң бұзышылық жоқ деп тапты. Жер инспекциясының дәлелдері расталмады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаменті қызығушылық білдірген инвесторларға жемқорлық қауіпінен  100 пайыз қорғайтындарына кепілдік береді.  

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
17:55, 19 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
Толығырақ...