ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ БАР

20:38, 30 қазан 2020

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасына жыл басынан 620 адам  жүгінген. Оларға кәсіпкерліктің қыр-сырын ҮЙРЕТУГЕ байланысты 750 қызмет түрі тегін көрсетіліпті. Бұл сервистік қолдау "Бизнестің жол картасы-2025"бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.

Артем Бухонин маркетинг саласында 3 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Жақында өзінің жеке кәсібін ашпақ. ӨЗ ісін ашпас бұрын «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында бұл саланың қыр сырын білді.  Нәтижесіне дән риза.

АРТЁМ БУХОНИН, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

– Ғаламтор арқылы тауар сату кәсібін бастадым. өз-өзін жұмыспен қамтыған азамат ретінде істей берсемде болар еді. Алайда, курьерлік фирмалардың көбі жеке кәсіпкерлермен жұмыс істемейді.Және онлайн төлемдерді де мен жеке тұлға ретінде іске қоса алмаймын. Жалпы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан кеңес алып, жақсы нәтижеге қол жеткіздім деп айта аламын.

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасы өңір тұрғындарына  заңгерлік, бухгалтерлік және маркетингтік кеңес береді. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу саласында да көмектеседі. Жыл басынан бері аталмыш ұйымға 620 адам жүгінген. Барлығы 750 қызмет түрі тегін түрде  көрсетілді.   

АЙДОС ЕБЖАНОВ, "АТАМЕКЕН" ҰКП КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕМЕС ҚОЛДАУ БӨЛІМІНІҢ САРАПШЫСЫ:

– Қызмет көрсету мерзімі әртүрлі. Мәселен, бухгалтерлік немесе заңға қатысты болса, онда ол бір күн ішінде ақысыз негізде болады. Егер маркетинг, бизнес-жоспар құру болса, онда бұл біраз уақытты алады – бір аптадан екі аптаға дейін созылуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлер үшін  тиімді. Артық шығын кетпейді.

Қаржылық емес қолдау бөлімі сарапшысының сөзінше, көбінесе кәсіпкерлер палатасына маркетинг және бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша жүгінеді. Қазір мұнда 9 маман жұмыс істейді.  Сондай-ақ, адамдар онлайн режимінде де кеңес ала алады. Ол үшін "Атамекен"Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ресми порталында өтінім қалдыру қажет. Сервисте 127 бизнес-қызмет қолжетімді.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 27 қараша 2020
ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
20:34, 27 қараша 2020
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
Толығырақ...
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
17:24, 27 қараша 2020
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...