ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ КӨП

20:40, 16 қазан 2020

Өңірде кәсіпкерлікке қолдау көп. Мәселен, жыл басынан «Еңбек» бағдарламасының «Бастау» жобасы арқылы 938 өңірдің жұмыссыз азаматы кәсіпкерлік курсынан өткен. Және 577 адам қайтарымсыз грант иегері атанған. Даму қоры арқылы да, өз кәсібін енді бастап келе жатқандар демеуқаржы алып, ісін өрге домалатты. Бұл туралы бүгін өңірлік  коммуникациялар  алаңында айтылды. Кім арнайы бағдарлама қатысушысы бола алады? Және қайтарымсыз грант жеңімпазы болу үшін не істеу керек? Әріптесім тарқатсын.

Еңбек мемлекеттік бағларламасының «бастау» жобасы 2017 жылдан бері іске асырылы келеді. Сол уақыттан бері 6 712 солтүстікқазақстандық арнайы курстан өткен. Биылғы қатысушылардың 56пайызы ауыл шаруашылығына қатысты жоба ұсынса, қалған 44пайызы басқа салада кәсіпкерлігін дамытуды таңдапты. Сондай-ақ осы 9 айда өңірде «бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында да «бизнес мектеп» жобасы іске асырылған.

РАҚЫМБЕК ЗЕЙНУЛЛИН, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Бірінші компонент ол «бизнес мектеп». Бизнес мектеп дегеніміз не- ол 2 күннен 10 күнге дейін оқу курстары. Тегін түрде өтеді. Оған кімдер атыса алады. Жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлер, және өз кәсібін одан әрі дамытушылар. 

Ал өткен  9 айдың қорытындысы бойынша "Даму" қоры арқылы 21млн.теңгеге жуық  сомаға  139 жобаға қолдау көрсетілді. Оның 14і қарапайым заттар экономикасы бойынша. Бұдан басқа 107 кәсіпкер субсидия алған.

МҰРАТБЕК СЕРДАЛИНОВ,  «ДАМУ» СҚОФ МЕНЕДЖЕРІ:

- Даму қоры кәсіпкерлерге 2 түрлі қолдау көрсетеді. Біріншіден, кәсіпкерлік субъектісіне қаржылық жүктемені азайту үшін, несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялайды.  Екіншіден кәсіпкерлер үшін қолжетімділігін арттыру мақсатында, несие бойынша кепілдендіру қарастырылған. 

Облыстың 13 ауданында кәсіпкерлікті қолдау орталығы бар. Жыл басынан бері аймақтық филиалдар кәсіпкерлерге және іс бастаған тұрғындарға 5285 кеңес беріліпті.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕРЛЕСІМІЗ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ҚАРИ АТАНДЫ
13:06, 26 қазан 2020
ЖЕРЛЕСІМІЗ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ҚАРИ АТАНДЫ
Толығырақ...
ТАРИФТЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМ ӨТТІ
20:44, 23 қазан 2020
ТАРИФТЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ОБЛЫСҚА 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚОНЫС АУДАРАДЫ
20:38, 23 қазан 2020
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ОБЛЫСҚА 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚОНЫС АУДАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...