ШҰҒЫЛ! СЕНАТ СПИКЕРІНІҢ РЕСМИ САПАРЫ Толығырақ

КИЕЛІ ЖЕРЛЕР КАРТАСЫ ТОЛЫҚТЫ

17:55, 9 қазан 2019

Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлерінің картасына биыл тағы 8 нысан қосылды. Өңірімізде 3000нан астам көл бар екенін ескеретін болсақ, олардың жартысының емдік қасиеті бар. Сондықтан мамандардың зерттеуімен Шалқар-Имантау, Меңгесер, Теке көлдері де енді  осы тізімге кіріп отыр.

Облысымыздағы табиғи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы мамандарының айтуынша, енді  өңіріміздегі табиғи нысандарда  киелі жерлер картасына енді. Солтүстікқазақстан ел бойынша көлге ең бай мекен . Және олардың жартысының емдік қасиеті жоғары.Мәселен, Меңгесер көлінің тұздылығы Қызыл теңізбен пара-пар екен.

РАҚАТ   МАМБЕТАЛИНОВ, СҚО ТАБИҒИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- 3-4-інші қазан күндері біз өз жобамызды орталықта қорғап шықтық. Енді СҚО киелі жерлерінің саны 33-ке дейін жетті. Алғаш рет табиғи объектілерді тізімге енгіздік. Себебі, біздің өңірдің көлдері емдік қасиеті жағынан өте сұранысқа ие. Сондықтан неге ол жерлерді киелі деп санамасқа деген ой келді.

Киелі жерлер картасына табиғи нысандардан басқа Жамбыл ауданына қарасты  Орталық ауылында ұлан-байтақ жерімізді жаудан қорғаған Сүйіндік батырға арналған ескерткіш тас пен Жоңғар шапқыншылығы кезінде ер Жәнібектің кеңесшісі және сенімді серігі болған Байталақ батырдың Құлыкөл елді мекеніндегі жерленгер жері де кірді. Сонымен қатар, облыс орталығындағы театр алаңы, мәңгілік алау, саяси қуғын-сүргін құрбандарының монументі мен  Қарасай және Ағынтай батыр ескерткіштері де тізімге енді.

 РАҚАТ   МАМБЕТАЛИНОВ, СҚО ТАБИҒИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біз киелі жерлер картасының тізімін толықтырар кезде барлық аудан орталықтары мен елді мекендерді аралап шықтық. Бірақ кейбір жерлер біздің назарымыздан тыс қалуы да мүмкін. Сондықтан да, егер өңір тұрғындары тарихи маңызы бар өздерінің ауылдарындағы нысандарды ұсынса, зерттеп көреміз.

Өткен оқу жылында облыс орталығындағы 21-інші орта мектептің тарих пәні мұғалімдері «Ұлы даланың жеті қыры» факультативтік курсының оқу бағдарламасын жасап шығарыпты. Енді білім басқармасының қолдауымен аталмыш қосымша сабақ 8 сынып оқушылары үшін өткізілмек. Жаңа бағдарламаға сай бұл факультатив курсында тек өңіріміздің емес, еліміздің киелі жерлері туралы мәлімет берілеДІ.

ЕРЛАН МӘКЕН, №21 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

- Бұл авторлық жоба облыста үздік деп танылып, осы жылдан бастап оқу бағдарламасына кіріктірілді. Әзірге тек біздің мектептің, 8 сынып оқушылары үшін ғана. Бұл пилоттық жобаны табиғи-мәдени мұраны қорғау орталығымен бірлесе жүзеге асыратын боламыз. Осылайша оқушылардың бойында патриоттық, ел,ұлт жандылық қасиетті дамытуды жоспарлаймыз.   

«Ұлы даланың жеті қыры» факультативтік сабағы биылдан бастап енгізіледі. Мектеп ұжымының келер жылы басқа сынып оқушылары үшін де өткізссек деген жоспарлары бар.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

КӨЗ ҚЫСТЫЛЫҚ, БАРМАҚ БАСТЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
18:04, 23 қазан 2019
КӨЗ ҚЫСТЫЛЫҚ, БАРМАҚ БАСТЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар