ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

КІНӘ КІМДЕ?

13:06, 25 қыркүйек 2020

10 сотталушы және 7 зардап шегуші. Тайынша аудандық сотында «Тиолайн» ЖШС қызметкерлері мен күзет агенттігінің өкілдеріне қатысты алғашқы тыңдалым өтті.

Шілде айында Тайынша ауданында «Обухов кен байыту комбинаты» аумағында жаппай төбелес бо лды. Оған  30 адам қатысқан . Кәсіпорын титан цирконий рудасын  байытумен  айналысады. Басты себеп комбинаттың және  «Тиолайн» ЖШС құрылтайшыларының қаржыны бөлісе алмауларында.

АЛТЫНБЕК ТАҢҚЫБАЕВ, ТАЙЫНША АУДАНДЫҚ ПРОКУРОРЫ:

Осы күні сағат 14:30 шамасында Саверский К.В  бірнеше адаммен Тайынша ауданының Обуховка ауылының маңында орналасқан Обухов кен байыту комбинатының жанына келіп күзетшіден комбинат ішіне  кіргізуді талап еткен. Күзетші кіргізуден бас тартады.

Қарағандыдан келгендер ішке кіре алмағандықтан күш қолданған. Тайынша аудандық сотында төбелеске қатысқан 10 сотталушы мен 7 зардап шегушіге қатысты алғашқы тыңдалым өтті. Сотталушыларға Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 293 бабы бойынша яғни топтасып қарумен бұзақылық жасау  айыбы тағылуда.

КИРИЛЛ САВЕРСКИЙ, «ТИОЛАЙН» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Адамдардың басым бөлігі Обухов серіктестігін кен байыту комбинатының ажрамас бір бөлігі деп есептейді. Алайда Обуховский кен-байыту комбинаты заңды тұлға ретінде кен байыту орнының меншігіне жатпайды. Бұл өте маңызды. « Тиолайн» серіктестігі кен байыту комбинатының меншік иесі. Обухов серіктестігі бұл «Тиолайн» компаниясының мүлкін заңсыз иеленіп алған. Оның  заңға қайшы әрекеті күшіне енген  актімен дәлелденді. Кен байыту комбинаты  Обухов кен байыту комбинатының  заңды түрдегі меншігі емес.

Алдағы уақытта сот кен орны  қай тараптың меншігіне  жататындығын анықтап, үкімін шығармақ.

 

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...