ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР Толығырақ

КІТАПХАНА ҚОРЫ ТОЛЫҚТЫ

20:50, 18 қазан 2019

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханаға 300 жаңа кітап әкелінді.  Оқырман оның ішінен өзіне керектіні - көркем әдебиетті де, бизнес,  психология мен саясатқа қатысты оқулықтарды да табады. Кітаптардың бір бөлігі бюджеттік қаражатқа жоспармен алынса, енді бірі оқырмандардың сұрауы бойынша сатып алынған.  

С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхана қоры әр тоқсан сайын толығады. Осы жолы  «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында келіп түскен әдебиет көп.  Көрмеге келушілерді әлемнің бірнеше тіліне аударылған қазақстандық белгілі авторлардың шығармалары қызықтырды. Оның ішінде шет тілдерге  аударылған 18 оқулық та бар.

КӘМШАТ ӘБІЛКӘРІМОВА, БИБЛИОГРАФ:

Көркем әдебиет залында Елена Звездова мен Олег Ройдың шығармаларын көп сұрайды екен. Оқырмандардың өтініші ескерусіз қалмай бұл авторлардың жаңа кітаптары тағы келді. Фентези жанрын сүйіп оқитын қала тұрғындарына «Игра престолов» кітаптар циклі қызықты болмақ.  Жаңа кітаптардың арасында бизнес тақырыбындағы әдебиет те көп.

АЛИНА ОСПАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Бизнеске қатысты әдебиет қызықтырады. Бұл менің ісімді дамытуға қажет. Кітаптарда жай теория мен, кәсіпті дамытудың нақты жолдары ұсынылады, сонысымен де тиімді. 

Тарих, психология мен педагогикаға арналған кітаптар да жетерлік. Оқырман өз қызығушылығына қарай  кітапхана келіп түскен 300 жаңа шығарманың  ішінен өзіне қажеттісін таба алады.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

МҮГЕДЕКТІК МЕРЗІМІ БІРДЕН 3 АЙҒА ҰЗАРТЫЛАДЫ
17:24, 9 шілде 2020
МҮГЕДЕКТІК МЕРЗІМІ БІРДЕН 3 АЙҒА ҰЗАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ӨҢІР КӘСІПОРЫНДАРЫНДА 21 ЖҰМЫСШЫ ЖАРАҚАТ АЛДЫ
17:23, 9 шілде 2020
ӨҢІР КӘСІПОРЫНДАРЫНДА 21 ЖҰМЫСШЫ ЖАРАҚАТ АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...