ШҰҒЫЛ! БАҒБАН ТАЙЫМБЕТОВ ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

КІТАПХАНАДАҒЫ ТҮН

14:01, 16 мамыр 2019

«Кітапхана» сөзін естігенДЕ біз бірден тып-тыныш, жарықшамның астында кітапқа үңілген оқырманды елестетеміз. Бірақ, бүгінде кітапханашылар бұл қалыптасып қалған көзқарасты өзгертуде. И.Шухов атындағы қалалық орталық кітапханада коворкинг орталық, 15 мамыр - отбасы күніне орай «family start» клубы ашылды. Сонымен қатар, жастар жылына орай «Jastar time»атты кітапхана түні ұйымдастырылды. Қызыққа толы кеш жайлы келесі бейнематериалдан көріңіздер.

Бүгінгі таңда коворкинг орталықтар - кітапхананың басты ерекшелігі болып табылады. Бұл  жастардың басын қосатын, тың идеалар жарық көретін орын. Енді мұндай орталық И.Шухов атындағы қалалық кітапханасында да ашылды. Сонымен қатар,  15 мамыр халықаралық отбасы күніне орай «family start» клубы өз жұмысын бастады.   

ГҮЛДАНА РЫСБАЕВА, ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Жастар басқармасы, Модерн кз қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, кітапханада коворкинг орталығында осындай клубты ашып отырмыз. Фемели старт клубы бұл облысымызда алғаш рет, жастар өздері келіп, өздерінің ойларын айтатын алаң деп ойлайымын. Клубтың тақырыбы әртүрлі болады. Бір жұмада жастарды жұмысқа орналастыру болса, келесі де олардың бос уақытын ұйымдастыру туралы айтылады.

«family start» клубының бірінші дәрісі отбасы тақырыбына арналды. . Оған  көпбалалы аналар, бизнес пен отбасыны сабақтастырып жүрген аналар, ақ жаулықты әжелер келді. Олар өздерінің бастан өткерген оқиғаларымен бөлісіп, бақытты, берік жанұяны қалай құру керек екендігі жайлы сыр шертті.

САРА ТАСЕМЕНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз жұбайымызбен 48 жыл бірге өмір сүріп келеміз. Ата-енеммен бірге 30 жылға жуық бірге тұрдым.  Түрлі жағдайлар болды, қуанышты сәттер мен қатар қанша қиыншылықтарды бастан өткерсек те, біз тату-тәтті өмір сүрудеміз. Достар, білесіңдер ме, үйге келе сала ұрыс шығаруға болады, мына зат орнында тұрған жоқ, ал мынаны дұрыс істеген жоқсын деп, ескерту жасап отырсаң, адам одан шаршап кетеді. Осындайдан ұрыс-керіс шығып, адамдар ажырасып жатады. Сондықтан менің сендерге әкем, маған айтқан, сөдерін жеткізгім келіп отыр, адамды тыңдай білу керек, оған түсіндіре білу, адамды кешіре білу керек дейтін. Сонда ғана, бір-біріңді құрметтеп, жандарың жарасымды болады.Осыны есте сақтаңдар.

Сонымен қатар, кітап үйінде «кітапхана түні» қызықты кеш өтті. Кеш аясында кітапханаға келушілерге «Жұлдызды сәт» косплей-дефилесі, «кітапханадағы селфи» фото алаңы, «перезагрузка» би сайысы, «жастар әлемі» кітап көрмесі және тағы басқа қызықты сайыстар ұйымдастырылды.  

«Кітапханадағы түн» акциясы өз оқырмандарына қуаныш пен керемет көңіл-күй сыйлады.

- Бүгінгі кітапханадағы кеш өте қатты ұнап жатыр.себебі мұнда көптеген баллармен, көпетген қызықты ойындар өткізіліп жатыр. Өте қызық маған ұнады.

- Толық импрвизация болды. Бүгін конкурска келдімде,костюмді киіп алып, қай ғасырда болды, қай ғасырдағы адаммын, соны сипаттап, әдемі сөздермен шығардым. Мәселен, өзімді Мотео Фалькони 17 ғасырдағы адам деп таныстырдым

Кітапхана оқырмандарымен үзілген байланысты қайта жалғау мақсатында осындай жаңа тың тәсілдер қолдануда.

ЛӘЗЗАТ ЕРҒОЖИНА, И.ШУХОВ АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ҚАЛАЛЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бұл халықаралық акция, кітапхана түніндегі ең ауқымды шара ол коворкинг орталығының ашылуы. Негізігі мақсатымыз, дарынды жастарға шығармашылық қатынас жасауға жағдай туғызу. Сонымен қатар, бүгін  барлық келішілер, қатысушылар, оқырмандар, жас айырмашлықтарына қарамай өзіне керекті, жанына жақын іспен айныса алады.

Мұндай шараны кітапхана қызметкерлері екінші рет ұйымдастырып отыр. Мәдени ошаққа келгендер кітапхана ішін емін-еркін аралап, мекеме қызметкерлері дайындаған түрлі тосын сыйларға куә болды.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР САЙЛАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ
15:23, 22 мамыр 2019
ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР САЙЛАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
«АМАНАТ» САЙЛАУДЫҢ АШЫҚ, ӘДІЛ ӨТУІН БАҚЫЛАЙДЫ
15:07, 21 мамыр 2019
«АМАНАТ» САЙЛАУДЫҢ АШЫҚ, ӘДІЛ ӨТУІН БАҚЫЛАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
21:36, 17 мамыр 2019
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
14:40, 17 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
Толығырақ...