ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫНДАР ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕНІ ҚОЗҒАДЫ

13:01, 1 қараша 2019

Өңір жетекшісі, «Nur Otan» партиясы СҚО  филиалының төрағасы Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Тайынша ауданына барды. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, елді мекендердің жағдайынан хабардар болды. «Nur Otan» париясы ғимаратындағы қоғамдық қабылдау туралы әріптесім Берік Қасен айтсын.

Облыс әкімінің қабылдауына бірінші болып Владимир Чёрный кірді. Жерлесіміз Чкалов селосының мәселесін айта келген. Әлеуметтік маңызы бар нысандарға бөлек-бөлек қазандықтар орнатылған. Бұл жергілікті бюджетке салмақ салады дейді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Мол қаражатты талап етпесе, Чкалов селосына зығыр сабаны жағылатын жылыту қазандығын орнату керек. Және оған әлеуметтік маңызы бар нысандардың барлығын қосу қажет.  Осылайша, біз үнемділікке қол жеткіземіз.

Бұл жолғы қоғамдық қабылдаудың ерекшелігі сол, сұрақ қоюшылардың арасында қара басының қамын күйттеп келгендер болмады. Роза Бодаева да жұрт қатарлы елдің жағдайын ойлайды.  Ясная Поляна - Зеленый Гай және Тихооеканское бағытындағы асфальттың тозғанын айтады. Жолдың нашарлығынан 2 жыл автобус қатынамайды. Елді мекеннің тұрғындарына Көкшетау, Тайынша қалаларына жүріп-тұру қиын. Өңір жетекшісі адамдарды босқа үміттендірмей, тоқ етерін айтты. Ясная Поляна - Зеленый Гай және Тихооеканское жолдарына асфальт төселмейді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Күре жолдарды қалыпқа келтіру жұмыстарына қыруар қаражат жұмсалады. Сондықтан біз Сіз айтқан бағыттарға қиыршық тас төсеп, әдемілеп тегістеп береміз.   

Осы тұста Тайынша ауданының әкімі Иван Турков бұғып қалмай,  Құмар Ақсақаловқа өз ұсынысын айтты.

ИВАН ТУРКОВ, ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Дей тұрғанмен, Ясная Поляна - Зеленый Гай және Тихооеканское жолдарына асфальт төсеген дұрыс болады. Өйткені, сол жолдың бойында бір емес 10-нан астам елді мекен орналасқан. Асфальт төсеу арқылы біз біраз халықтың көлікпен Көкшетау, Тайыншаға еш қиындықсыз қатынауына жол ашамыз. 

Құмар Ақсақалов санаулы күннің ішінде жолының ой-шұңқыры көп елді мекендердің тізімін жасап, жөндеу жұмысына кірісеміз деді. 

Тұрғын үймен қамту да өзекті мәселе. Тайынша қаласының бір өзінде 800 адам баспанаға мұқтаж. Баспана тұрғызылмайды. Сәйкесінше, кезек ұлғайып жатыр.  Мұғалімдер мен дәрігерлерге Тайынша қаласында үй берілмейді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Қоғамның әлжуаз тобына ғана үйлерді тұрғызамыз. Ал басқа категория бойынша мемлекеттік бағдарлама қарастырылмаған. Тиісінше, біз басы артық шешім қабылдай алмаймыз.

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, СҚО ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Мамандарды баспанамен қамту үшін өз облысымызда арнайы тұрғын үй бағдарламасы қажет. Жергілікті бюджеттен ақша бөлінсе, мұғалімдер мен дәрігерлерге, механизаторларға үй салар едік. 

Қайрат Хасенов ірі қараның бабын білетін фермерлердің бірі. 15 жыл мал шаруашылығымен мықтап айналасады. Биылдан сүтті бағытқа көшкен. Чехиядан 64 бас тайша алды. Осы орайда, «Сыбаға» бағдарламасы аясында  сырттан мал алып келгендерге шығыс қаражаттың тең жартысын мемлекет өтеп береді. Бірақ жерлесіміз Қайрат Хасен тиесілі субсидияны алмаған. Ауыл шаруашылығы басқармасы өтінішін қабылдамапты. 

Тайынша ауданындағы «Донецкое Нұрлыжол» серіктестігі Чехия Республикасынан 90 бас тайшаны алып келе алмай отыр. Шет ел ірі қараны экспорттауға уақытша шектеу қойған. Бұған ресейлік алып-сатарлар кінәлі. Чехияға қарызын бермеген. Соның салдарын отандастарымыз көріп отыр. 

Құмар Ақсақалов лауазымын пайдаланып, ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты ветеринарлық қадағалау комитетінің басшысы Арман Өтеғұловпен телефон арқылы байланысқа шықты. Келеңсіз жағдайды жеткізіп, бақылауға алуды ұсынды.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
18:00, 13 желтоқсан 2019
МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:56, 13 желтоқсан 2019
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...