ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

20:40, 13 маусым 2019

Петропавлда кезекті қоғамдық кеңесте басты үш мәселе қаралды. Ол мектепке дейінгі білім беру саласының жаңалықтары, шаһардағы зираттардың тазалығы және адалдық алаңы кеңселерінің жұмысы. Жиынға қатысқан әріптесім рет-ретімен айтсын.

Биылдан бастап қаладағы жеке меншік мектепке ел қазынасынан қомақты қаражат бөлінеді Облыс орталығындағы қасиетті Сергий Радонежский құрметіне ашылған мектеп 2015 жылы жұмысын бастады. Жеке меншік болғандықтан, осы күнге дейін оқушылардың оқу ақысын ата-аналары төлеп келді.  Енді қаражатпен қамтамасыз ету тәртібі өзгерді. Биыл білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша жексенбілік мектепке 31 млн теңге бөлінді.

АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

31 млн теңге түрлі мақсатқа бөлінген. Атап айтсақ, ұжымның еңбекақысына, әлеуметтік салық пен аударымдар, міндетті медициналық сақтандыру қорына, банктердің қызметіне, коммуналдық қызметтер мен байланыс және интернетке жұмсалады. Оқушылардың ата-аналарынан ақша жиналмайды. Бүгінде Сергий Радонежский мектепбінде барлығы 139 оқушы білім алады. Әрбіреуінің оқуына мемлекет есебінен ай сайын 19 мың теңге бөлініп тұрады.

Жалпы мектепке дейінгі білім беруге келер болсақ, биыл тәрбиеленушілердің саны артады. 88 орынға шақталған екі шағын орталықты ашу жоспарда бар.  Сонымен қатар, қоғамдық кеңес қаладағы зираттардың жағдайын да көтерді. Жұмысшы кентіндегі мұсылмандардың және христиан дініндегілердің бейіттерін Петроспецобслуживание ЖШС өз қарамағына алған. Жыл басынан олар зиартты тазартып 30 тонна қоқысты шығарған, 120 шаршы метр жердегі шөпті шауыпты. Бейнебақылау да орнатқан.

ИРИНА СКОРОБОГАТОВА, ЖШС ӨКІЛІ:

- Біз қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына қоқыс шығару туралы келісімге отырдық. 5 адамнан тұратын 2 бригада бар. Олар күнделікті зират ішін жинап отырады. Қоқыс тастайтын 7 урна мен 10 контейнер қойдық.

Ал, қаладағы ескі зиарттар сенбіліктерде ғана тазаланады екен.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...