ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДЫ СУМЕН ҚАМТУ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНАДЫ

20:43, 20 наурыз 2020

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты өңірдің бірқатар мейрамханалары мен дәмханалары жұмысын тоқтатып, біразы  жаңа жұмыс кестесіне көшті.  Жұмысын жалғастырып жатқандар дезинфекциялық шараларды күшейткен. 

ӘСЕЛ ОРАЗБАЕВА, ТІЛШІ:

- 16 наурыздан бері өңірдің мейрамханалары мен дәмханалары қонақтарын осылайша қарсы алады. Яғни бетперде және қолғап киген адамдар келушілердің қолдарына антисептикалық сұйықтық құйып, өздерінің және өзге келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысады. 

Сиявуш Зейналов қалалық  дәмханалардың бірінің иесі.  Облыс орталығынында орналасқан ойын- сауық орны бұған дейін түнгі 2-ге дейін істеген. Аптаның басынан келушілердің қатары біраз сейіліпті.  10 шақты жұмысшының 3-уі уақытша демалысқа жіберілді. Жалақыларын сақтаймыз дейді кәсіпкер.

СИЯВУШ ЗЕЙНАЛОВ, КӘСІПКЕР:
- Әрине келушілердің қатары азайған. Жоспарланған бірнеше мерекелік шаралардың иелері тапсырыстан бас тартты.  Жаңа жағдайға бейімделуіміз керек. Сондықтан, тағамдарды үйге жеткізу қызметін меңгеріп жатырмыз. 

Санитарлы зарарсыздандыру шаралары күшейтілген. Даяшылар мен аспаздардың барлығы екі сағат сайын айналаның бәрін дезинфекциялап, үш сағат сайын маскаларын ауыстырады. Аспаздардың резеңке қолғап киюі қатаң бақыланады. Барлық келушілер залға кірмес бұрын қолдарын антисептикалық сұйықтықпен сүртеді.

АНДРЕЙ ФРОЛОВ, «СҚО РЕСТОРАТОРЛАР  ЖӘНЕ ОТЕЛЬЕРЛЕР» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Өңірдіңдің мейрамханалары мен дәмханалары төтенше жағдай кезінде жаңаша жұмыс істеуге дайын. Санитарлы нормалар күшейтілді. Барлық ойынсауық орындары  кешкі 10-ға дейін ғана жұмыс істеуі тиіс. Әр екі сағат сайын зарарсыздандыру шаралары жүргізіледі. 

Барлық дезинфекциялық құралдарды кәсіпкерлер өз қаражатына сатып алады.    Бір айта кететіні, антисептикалық сұйықтық жергілікті кәсіпорынның өнімі.  

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢА РЕФОРМА КҮТУДЕ
13:01, 28 мамыр 2020
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢА РЕФОРМА КҮТУДЕ
Толығырақ...