ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

ҚОЛЖЕТІМДІ ӘУЕ РЕЙСІ

20:46, 20 ақпан 2020

Алматыға дейін әуе рейстің бағасы қолжетімді бола түсті. Енді 10 мың теңге төлеп, 2 сағат 10 минутта оңтүстік астанаға жетуге мүмкіндік бар. Бұл бағытқа наурыздың 13-нен бастап әуе рейсі ашлады. Бағасы неге тым арзан деген сұрақ туындайды. Бұл сауалға FlyArystan әуекомпаниясының өкілдері жауап берді.

Еліміздегі жалғыз лоукостер өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Бүгінде Қазақстанда аталған компанияның 28 ұшағы жолаушы тасымалымен айналысады. Бағаның арзан болуы – билетті сатып алу мерзіміне, жолаушының жүкпен немесе жүксіз болуына, тамақ сатып алу-алмауына және тарифке байланысты болмақ.

ЖАНАР ЖАЙЛАУОВА, «FLY ARYSTAN» ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ САТЫЛЫМДАР БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫ:

- Билетті сатып аларда мұқият болыңыз. Бағасы неғұрлым арзан болса – соғұрлым ереже қатаң болмақ. Мысалы арзан билет алсаңыз өзіңізбен бірге тек 5 келіге дейін жүк ала аласыз. Егер жүгіңіз ауыр немесе көлемді болса баға арта түспек. Сондықтан билеттерді компанияның сайтынан алыңыздар, ережелеріне мән беріңіздер.

МАРАТ ХАСЕНОВ, «ПЕТРОПАВЛ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ» АҚ ДИРЕКТОРЫ:

- Лоукостер барлық стандарттық талаптарға сай келеді. Лайнерлер жаңа, шамамен қолданысқа 6 жыл бұрын шыққан. Эконом класста 120 орын. Қазіргі кезде билеттердің 20 проценті сатылды.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...