ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ҚОЛЖЕТІМДІ ЗАҢГЕР

17:54, 13 тамыз 2019

Мемлекеттік органдар мен халық арасында кері байланыс орнатып, тұрғындардың құқықтық білімдерін жетілдіру. Мұны қалай іске асыруға болады, бұл механизмді құрып қана қоймай оның нәтижелі жүзеге асуы үшін не істеу қажет? Дәл осындай түйткілді мәелелелер КП мен мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ6 осы саладағы сарапшылардың қатысуымен өткен семинар тренингте талқыланды. Жиында заңгерлік жедел жәрдем қызметінің халыққа қол жетімді «QОRǴAU» жобасының да таныстырылмы өтті.

Қазақстанда заңгерлік жедел жәрдем іске қосылды. Соған байланысты елордада «Қорғау» жобасының презентациясы өтті, ал біздің өңірде ол бүгін таныстырылды. Қазірдің өзінде тұғындар үшін түрлі заңға және адам құқықтарына қатысты кез келген сұраққа тегін жауап алуға арналған кабинеттер желісі жұмысын бастады. Ондағы заңгерлер арыз шағымды қабылдап қана қоймай, сот тергеу процессіне де араласады. Оған қоса жоба авторлары жуырда арнай сайт пен мобильді қосымша жасамақшы.

ШЫҢҒЫС ЛЕПСИБАЕВ6 «QОRǴAU» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Ең алдымен адамдарға өз қөұқықтарын толықтай біліп, оларға қажетті мәліметтерді меңгеруге көмектесу. Егер азамат өз құқығын жақсы білсе, ол біреуге есе жібере қоюы екі талай. Сондықтан біз орталыққа тек кәіби біліктілігі жоғары заңгерлерді алдық.

Жуырда іске қосылатын «Қорғау» мобильді қосымшасының авторлары оның тұрығндарға көп көмегі тиеріне сенімді. Мысалы сізді жолда полиция қызметкері тоқтатты делік. Сіз бірден телефоныңызды алып, мобильді қосымшадағы «Тоқтау» арнайы тармағына кірсеңіз жеткілікті. Онда сіздің қандай құжаттарды көрсетуіңіз қажет, сұрақтарға қалай жауап беру керектігі көрсетіледі. Президент айтқандай құқық қорғау органдарының қызметкерлері қарапайым халыққа жақын болуы тиіс. Осы орайда жиынға полицейлер де арнайы шақыртылды.

ГАМАЛ ТҮЗЕЛБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫ» ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Сіздердің облыстағы полиция басшыларымен кездесу және олармен елдердің арақашықтығын қысқарту. Біз олардыңғ да пікірлерін естігіміз келеді. Қандай мәселе тұр олардың алдында, қандай қиындықтар бар. Тек қана біз айта бермей соның нәтижесінде бір шешімдерге білу керекпіз.

Жиын қорытындысы бойынша әрбір қатысушының ой – пікірі ескеріліп, соған сәйкес тиісті шаралар қолға алынады. Басты мақсат халықтың құқықтық білімдерін жетілдіру.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА ЖАРТЫ ЖЫЛДА НЕСИЕ БЕРУ 31,7% АРТТЫ
20:53, 12 тамыз 2020
ОБЛЫСТА ЖАРТЫ ЖЫЛДА НЕСИЕ БЕРУ 31,7% АРТТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
20:53, 7 тамыз 2020
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...
ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ
17:15, 7 тамыз 2020
ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН...
Толығырақ...