ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ КОРПОРАЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН БОЛДЫ

18:00, 3 қыркүйек 2019

Биылдан бастап коммерциялық ұйымдар азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының базасында тіркеледі. Бұдан былай барлық рұқсат құжатын алу үшін әділет департаментінде қарасты мекемелерге барудың қажеті жоқ. Заңдағы бұл өзгеріс шілденің бірі күшіне енген болатын. Алайда, коммерциямен айналысатындардың біразы білместіктен құжаттарын ресімдеу үшін әлділет департаментіне барып жүр. Оларды тіркеу және есепке алу шаралары облыс орталығында Интернационал көшесі, 70 және Кошуков көшесінің бойындағы 10-шы ғимаратта іске асырылады. Басқа халыққа қызмет көрсету орталықтары бұл іспен айналыспайды.

САМАТ ТОҚҚОЖИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ӘДІЛЕТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А:

Әділет департаменті тек коммерциялық емес ұйымдарды есепке алу және бақылау шаруасымен айналысады. Коммерциялық емес ұйымдарға: пәтер иелері кооперативі,  тұтынушылар коооперативі, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдары кіреді. Біз жылжымайтын мүлікті есепке алу, әкімшілік құқықбұзушылықтар және зияткерлік меншік құқығын қорғау жұмыстарымен айналысамыз. Тоқ етерін айтқанда, әділет министрлігі шегіндегі тапсырмаларды орындаймыз. 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
13:13, 15 қазан 2019
БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар