ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫН ОҚЫТАДЫ Толығырақ

КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

20:36, 15 мамыр 2018

Орта есеппен алғанда тұрғындар жалақысының 30 пайызын коммуналдық төлемге жұмсайды. Онымен қоса, ай сайынғы қызмет ақысын төлеу үшін қала тұрғындары әрбір мекеменің табалдырығын тоздырып, кезек күтумен алтын уақытын да жоғалтады. Енді петропавлдықтарға жарық, жылу, ауыз су, сонымен қатар, қоқыс, домофон және пәтер иелері кооперативі үшін төлемдер  бір түбіртекпен келеді. Және сәйкесінше оны бір жерде төлеуге болады. Толығырақ келесі бейнематериалымызда.

"Севказэнерго" АҚ бөлімшесінің байланыс орталығына күніне 3-3,5 мың қоңырау келіп түседі. Оның басым бөлігі төлемнің мерзімін, құнын, уақытын сұрау келетін қоңырау. Ал орта және егде жастағы тұрғындар бөлімшеге келіп кезек арқылы, коммуналдық төлемдерді кассаға төлегенді құп көреді. Мамандардың сөзінше енді коммуналдық түбіртектер бір қағазға жинақталды.

ОКСАНА ДЬЯЧЕНКО, БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Бүгінде 50 пәтер иелері кооперативімен келісім-шарт жасалды. Онда 134 көпқабатты тұрғын үй тіркелген. Оның тұрғындары енді коммуналдық ақылардың бәрін бір түбіртекпен алады. Сонымен қатар, «Қызылжар су» «КомунСевер», «Коммунхоз», «Чистый Петропавловск» ұйымдарымен де шартқа қол қойдық. Наурыз айынан бастап домофон қызметі де қосылды.

Бұл кәсіпорындар бірыңғай төлем орталығына қосылғалы жұмыстарының оңтайланғанын жасырмайды. Тіпті, тұрғындардың коммуналдық төлем төлеу белсенділігі де артқан.

ЕРЖАН ТЕЗЕКБАЕВ, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС ҚАРЖЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Жүйелі түрде, кешіктірмей, қарызын жабатын тұтынушылар көбейді. Өйткені бұл олардың уақытын үнемдейді. Борышкерлер саны да азайып келеді. Бұл бізге де қолайлы болғандықтан әріптестікті үзбейміз.

ЕВГЕНИЙ КАЗБАНОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

- Біз екі үйдегі 180 пәтерге қызмет көрсетеміз. Келісім жасалғаннан кейін бізге де, тұрғындарға да қолайлы болып отыр.

Бірыңғай төлем орталығы тұтынушыларға жеңілдік жасағанымен, әлі де толықтырар мәселелер бар, дейді тұрғындар. Енді басқа да мекемелер атсалысып, бәрін бір орыннан, артық төлемсіз төлесек деген ұсыныстарын білдіруде.

- Қолайлы, бірақ оған домофон мен, қоқыс, газ төлемдерін қосса, өйткені бұл кәсіпорынның бірнешеуі ғана қосылыпты. Газға төлеп, жарыққа жүгіресің.

- Бәрін бір қағазға жинағаны жақсы болды. Бір жерде төлеймін.

Қазіргі таңда бірыңғай төлем орталығының жұмысы жалғасын табуда. Енді бұл жүйеге газды да қоса төлеу үшін, «Горгаз-сервис» ұйымымен келіссөздер жүргізілуде.

Самат САПАРАЛЫ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, коммуналдық төлемдер

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ  ЖЕТТІ
21:08, 24 мамыр 2018
ОБЛЫСТЫҚ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

FLEX БАҒДАРЛАМАСЫ АМЕРИКАДА ТЕГІН ОҚУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
15:00, 23 мамыр 2018
FLEX БАҒДАРЛАМАСЫ АМЕРИКАДА ТЕГІН ОҚУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
Толығырақ...
ПАВЕЛ ЦЫБУЛИН: «QAZAQSTAN FIGHTER» ЖОБАСЫ СПОРТТАҒЫ ЖАҢА ЕСІМДЕРДІ АШУҒА БАҒЫТТАЛҒАН
12:41, 23 мамыр 2018
ПАВЕЛ ЦЫБУЛИН: «QAZAQSTAN FIGHTER» ЖОБАСЫ СПОРТТАҒЫ ЖАҢА ЕСІ...
Толығырақ...