ШҰҒЫЛ! ОҢАЙ БАЙЛАНЫС ОРНАДЫ Толығырақ

КӨҢІЛДІ АТТРАКЦИОНДАР

17:58, 25 сәуір 2019

«Аттракциондар әлемі» демалушыларды қарсы алуға әзірлену үстінде. Серіктестік су жаңа екі батут және 500 мың теңгеге маусымдық хош иісті гүлдердің түр-түрін сатып алған. Сонымен қатар, демалыс күндері балақайларға арналып аниматорлардың қатысуымен мерекелік іс-шаралар өткізілмек. Ал, басты назарда парктегі 35 аттракционның өмірге қауіпсіздігін тексеру. 

«Аттракциондар әлемі» наурыздың 3-нен өз жұмысын бастап кетті. Әрине, ең алдымен кәсіпорын мамандары паркте орналақсан барлық 35 аттракционды қауіпсіздік ережелеріне сай екендігін тексеріп, алаңдарды жинастырып, қоқыстан тазартты.  Жалпы аттракциондар жыл сайын бір сағаттық сынақтан және күнделікті техникалық байқаудан өтіп тұрады. Бір әткеншекке  24 орындық болса, олардың барлығына 100 кг-ға жуық құм толтырылған қапшықтарды отырғызып, тескерістен өтеді.

ТАТЬЯНА КОЛЧЕВА, ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША ИНЖЕНЕР:

Кәсіпорынның басты мақсаты – аттракциондарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету. Сонымен қатар демалушыларды және қызмет көрсетуші персоналды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету. Жыл сайын белгілі бір аттракционның пайдалану жөніндегі құжатына сәйкес ол максималды түрде жүктеліп, бір сағат бойы техникалық сынақтан өтеді. Қандай да бір ақаулар мен жарамсыздықтар анықталса оларды жоюға тырысамыз. Яғни жөндеу жұмыстарын жүргіземіз.

2017-ші жылы Петропавлға бірнеше жаңа аттракцион әкелінген. Ал, осы жылы секіруге арналған екі батут сатып алыныпты. Ал, билет құны сол қалпы қалмақ.

АЛЕКСАНДР КОЗЛОВ, «АТТРАКЦИОНДАР ӘЛЕМІ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Биыл біз саябақты абаттандыруға үлкен көңіл бөлетін боламыз. 500 мың теңгеге түрлі бір маусымдық гүлдер сатып алынды. Былтыр аяздан зардап шеккен раушан гүлдер бағын жөнге келтіреміз. Сонымен қатар тамыз айында күн ерте бататындықтан парктегі жарық шамдар жақсы жұмыс жасауы үшін бірқатар іс-шараларды іске асыратын боламыз.

Саябақта әр демалыс сайын аниматорлардың қатысуымен балаларға арналған түрлі мерекелік іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

МАЙГҮЛ СЕЙІЛБЕК, ТІЛШІ:

- Мына «Корсар» аттракционы қаламызға 2017-ші жылы әкелінген екен. Серіктестік мамандары барлық аттракциондардың қауіпсіздік ережелеріне сай екендігін тексеріп тұрады екен. Өзіміз де қазір мына аттракционға мініп, ережелерге сай келеме соны байқап көрелік.

- Иа, расында да аздап қорқыныш сезімі болды. Бірақ, соағн қарамастан көңіл күйіміз жақсы. Және де өзіміз байқап көргендей бұлш аттракцион барлық қауіпсіздік ережелеріне сай келеді екен.

Сондай-ақ биыл мұнда 20 терек және 7 емен ағашы отырғызылды.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

АВТОМАТТАНДЫРУ – СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖАҚСАРТУДЫҢ АМАЛЫ
17:57, 17 шілде 2019
АВТОМАТТАНДЫРУ – СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖАҚСАРТУДЫҢ АМАЛЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...