ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР Толығырақ

КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

17:56, 16 қазан 2019

Облыста мемлекеттік «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 93 үйелмен баспаналы болды. Президент бастамасымен қолға алынған жобаның талаптары бойынша  көп балалы, толық емес және мүгедек балаларды тәрбиелеп жатқан отбасыларға ипотекалық несие небары 2 процентпен беріледі. Бағдарлама операторы  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» облыстық филиалы кезекті қоныс той иесін құттықтады.

Көп балалы Ескендір Қалиханұлы бірнеше жыл бұрын облысқа қоныс аударып, пәтер жалдап тұрды.  Тапқан табысының басым бөлігі пәтер ақысына кететін. Сондықтан мемлекеттік «Бақытты отбасы» бағдарламасы жайында естігенде бірден қатысуды ұйғарады.

ЕСКЕНДІР ҚАЛИХАНҰЛЫ6 ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Өте тиімді, біз сияқты мемлекеттік қызметте және көп балалы отбасылар 2проценттік кредит дегенді бұған дейін естімедім. Процессіне келетін болсақ, өте оңай, банк қызметкерлері кезегімен түсіндіріп отырады. Бірнеше процедура. Әкиматқа кезекке тұры, кейін осы бағдарламаға жолдама алып, 1,5 айдың ішінде міне баспаналы болдым. 

«Бақытты отбасы» бағдарламасы 2019 жылдың 15 шілдесінен бері жүзеге асырылып жатыр. Республикада көп балалы, толық емес және мүгедек балаларды тәрбиелеп жатқан отбасыларды баспанамен қамту мақсатында  50 млрд теңге бөлінді. Ипотекалық несие 2 процентпен беріледі. Бастапқы жарна үйдің бағасынан  10 процентті құрайды. Бағдарламаға қатысатын  отбасы құны 10 млн-ға дейінгі баспананы сатып ала алады.

АЛМАС ЖАПАБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ»  СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- Жергілікті атқарушы орган көп балалы, толық емес және мүгедек балаларды тәрбиелеп жатқан отбасыларға бағдарламаға қатысу үшін 200 жолдама берді. Кейін олардан 156  өтініш түсіп, 153-ші мақұлданды. 3 отбасының құжатты қазір мамандардың қарауында.  93 отбасыға 878 млн теңгенің ипотекалық несиесі беріліп, олар қоныс тойларын атап өтті.

Бір айта кететіні, келесі жылы Республикадан жеңілдетілген ипотекалық несиелерді беру үшін тағы да қомақты қаражат бөлінеді деп жоспарланған. Яғни, осы жолы құжаттарын жинап үлгермегендер, алдағы уақытта бағдарламаға  қатыса алады.  

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

МҮГЕДЕКТІК МЕРЗІМІ БІРДЕН 3 АЙҒА ҰЗАРТЫЛАДЫ
17:24, 9 шілде 2020
МҮГЕДЕКТІК МЕРЗІМІ БІРДЕН 3 АЙҒА ҰЗАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ӨҢІР КӘСІПОРЫНДАРЫНДА 21 ЖҰМЫСШЫ ЖАРАҚАТ АЛДЫ
17:23, 9 шілде 2020
ӨҢІР КӘСІПОРЫНДАРЫНДА 21 ЖҰМЫСШЫ ЖАРАҚАТ АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...