ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ЕРЕКШЕ НАЗАРДА

17:53, 12 тамыз 2019

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылар ерекше назарда. Тұңғыш рет облысымызда 4 және одан да көп баласы бар аналарға бір реттік төлем жасалатын болды. Оның мөлшері 5 айлық есептік көрсеткішке тең. Сондай-ақ, мереке күндері көпбалалы аналарға берілетін ақшалай сыйлықақының көлемі 10 айлық есептік көрсеткішке дейін жоғарылады. Қазіргі таңда аз қамтылғандар тұрақты жұмысқа, бизнеске тартылып жатыр. Мемлекетттік қолдау жайлы тілшіміз толықтырсын.

Қазір таңда аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға  әлеуметтік төлемнің бірнеше түрі тағайындалған.  Бір жасқа дейінгі сәбиі бар, көпбалалы, аз қамтылған, мүгедек баланы бағып отырған және бала асырап алған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Әсіресе, көпбалалылардың жағдайы ерекше назарда.Өңірімізде 4400-ден астам алтын құрсақты  ана тіркелген. Батыр аналарға, күміс, алтын алқа иегерлеріне ай сайын 16 мың теңге төленеді.

ГҮЛМИРА МӘУЛЕТБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТIРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тұңғыш рет облысымызда 4 және одан да көп баласы бар аналарға бір реттік төлем жасалады. Оның мөлшері 5 айлық есептік көрсеткішке тең. Сондай-ақ, мереке күндері көпбалалы аналарға берілетін ақшалай сыйлықақының көлемі 5-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін жоғарылады. Оны облысымызда 7 600-ден астам отбасы алады. Бұл мақсатқа бюджеттен 90 млн теңге қарастырылған.

Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың талаптанғандары жұмыспен қамтылады. Біреуге тәуелді болғысы келмегендерге, шағын несие беріліп жатыр. Мемлекет қарызды негізінен мал, құс, өсімдік шаруашылықтарымен айналысатындарға үлестіруде. 

ГҮЛМИРА МӘУЛЕТБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТIРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өңірімізде әлжуаз топқа кіретін 5600-ден астам азамат еңбекке қабілетті. Бүгінде 96 пайызы жұмыссыз жүр. Барлығы атаулы әлеуметтік көмек алады. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 17 азамат кәсіби даярлау курсына қабылданды. Сондай-ақ, «Жол картасы» бағдарламасы аясында аз қамтылған 87 отбасы жеке шаруашылығын дамытуға бір реттік әлеуметтік көмек алды. 34 отбасы ірі қара, 27-сі құс, соншасы ұсақ мал, 5 отбасы қажетті техника сатып алды. Жиынтық соммасы 7 млн теңгеге 19 несие берілді. 

Бүгінде 4800 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
18:00, 13 желтоқсан 2019
МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:56, 13 желтоқсан 2019
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...