ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ Толығырақ

КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

20:52, 19 наурыз 2020

Көпке үлгі боларлық іс. Петропавлдағы Интернационал 59 мекен-жайы бойынша орналасқан 5 қабатты тұрғын үй өз подъездерін дезинфекциялық құрылғылармен зарарсыздандырды.

Шара ПИК өкілдерінің  бастамасымен қолға алынды. Бұл тұрғын үйде 4 подъезд бен 60 пәтер бар. 200ден астам адам тұрады. Енді індетке байланысты подъездегі есіктер мен тұтқалары күнделікті дымқыл матамен сүртіліп қосымша бір рет дезинфекцияланатын болады.Жалпы елімізде коронавирус жұқтырған адамдар саны бүгінгі күні 44ке жетті. Облысымызда індеттің таралмауы үшін барлық тиісті сақтық шаралары қолға алынған. 

АРСЕН АБРАМЯН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Өте жақсы бастама. Себебі, вирусты жұқтырмас үшін сақтық шараларын ұмытпауымыз керек. Бұл подъездерде  біздің балаларымыз да жүреді. ПИК өкілдерімен бірге біз де шығып, тазалап, сүртуге дайынбыз. Басқа да қала тұрғындары осылай сақтық шараларын қолға алса деймін.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...