ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 18 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕН ДӘРІГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

20:53, 21 мамыр 2020

Коронавирус індетін жұқтырғандарды емдеп, өз денсаулықтарын қатерге тіккен медициналық қызметкерлер бүгін марапатқа ие болды.  Салтанатты шарада COVID-19-бен күресте көзге түскен 30 маманға ведомствоның төс белгілері табыс етілді. 

Бүгін облыста короновирус індетін жұқтырған 39 адам тіркелген. Оның 30- емделіп, үйлеріне жіберілді. Бұл әрине, дәрігерлердің кәсібилігі мен  біліктілігінің нәтижесі.  COVID-19-бен күресуге облыста  243 медицина маманы жұмылдырылды.  Бүгін вируспен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер мен медбикелердің еңбегі еленді. Оларға  «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгілері табысталды.

СӘУЛЕ ДАНИЯРОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ МЕДБИКЕСІ:

Жұқпалы аурулар бөлімшесінің дәрігері  Наталья Помазанова әріптестерімен бірге вируспен күресті алғашқы күндерден бастады. 2 айға жуық  әйел туған –туысқандарын, отбасын көрмей, кәсіби міндетін атқарды. Бұл қаншалықты ауыр болғандығын Натальяның көз жасынан байқауға болады.         

НАТАЛЬЯ ПОМАЗАНОВА, ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР БӨЛІМШЕСІНІҢ ДӘРІГЕРІ:

- Әуелі қонақүйде, кейін Парк отель Пестрыйда, Қазір Солнечный кентінде тұрып жатырмыз. Екі ай үй бетін көргеніміз жоқ. Ең қиыны да сол болды. Отбасымды қатты сағындым. 

Науқастарды емдеумен айналысқан барлық мамандар, кейін өздері екі апталық карантинде болды. Ведомстволық наградаларға саланың  30 маманы  лайық деп танылды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...