ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

«КӨШПЕЛІ КЕРУЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

20:40, 17 қыркүйек 2020

Қызылжар орталық мешітінде «Көшпелі керуен» атты республикалық қайырымдылқ акциясы өтті. Шара барысында көпбалалы, және әлеуметтік аз қамтылған көмекке мұқтаж отбасыларға жәрдем көрсетілді. Акция аясында 30 шаңыраққа азық-түлік пакеті тапсырылды. Тілшіміз тарқатсын.

Татьяна Пикустың 8 баласы бар.  Көпбалалы ана көмекке мұқтаж. Оның айтуынша, қиын-қыстау кезеңде мешіт әрдайым қол ұшын береді. Бұған дейін орталық мешіт қызметкерлері мектеп жасындағы балаларына  сөмке, киім-кешек және оқу құралдарын  сыйлаған.

ТАТЬЯНА ПИКУС, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

- «Балаларым қазір мектепке барып жүр. Бізге мешіт қызметкерлері әрдайым көмек көрсетіп отырады. Әрбір мерекеде назарсыз қалдырмайды. «Мектепке жол» акциясы өткенде де, бізге көмек көрсетті.  Қазір карантин кезі болса да, келіп, аянбай қол ұшын созуда. Мешіт қызметкерлеріне дән ризамын. Тек біздің отбасыға ғана емес, көптеген мұқтаж шаңыраққа көмек көрсетеді. »

Қайырымдылық шарасы аясында мешіт қызметкерлері аз қамтылған, көп балалы және мұқтаж жандарға азық-түлік пакеттерін үйлеріне дейін жеткізіп берді. Жалпы мешітте бұндай қайырымдылық шаралары  жиі ұйымдастырылып тұрады екен.

АЯН АЛЫПҚАШЕВ,  «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ:

-  «Әлеуметтік аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған не болмаса жетім-жесірлерге, көпбалалы отбасыларға осындай үлкен  іс-шара ұйымдастырып жатырмыз. Қайырымдылық акциясы. Яғни, «Көшпелі керуен» деген акция. Соның ішінде, ең алдымен, керек-жарақтар, азық-түліктерді үй-үйлепрге жеткізіп, алғыстарын алып, сола тілеуші болу үшін сондай үлкен жасап жатқан жобамыз бар. »

Ал, Нұргүл Айсинаның 4 баласы бар.  Бұл отбасы да  акциядан тыс қалмады.

НҰРГҮЛ АЙСИНА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

- «Еліміздің отбасылық құндылықтарын насихаттап, көпбалаы отбасыларға әлеуметтік, рухани жағынан көмек көрсетіп жатқан қайырымдылық қорларына көп алғыс айтамын. Жаңағы акциялардан болып жатқан көмектерге рахмет, мың алғыс айтамын! Әрине баланы туып, дүниеге әкелгеннен кейіноны тәрбиелеу, өсіру , оны өмірге жеткізу, аяққа тұрғызу ата-ананың мсіндеті, бірақ, Отан-отбасынан басталады демекші, осындай мемлекеттік көмектерге де көп рахмет. »

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 30 жыл толуына байланысты түрлі республикалық қайырымдылық шараларын өткізіп жатыр. Мұндай игі істен біздің өңір де тыс қалмаған.  Жоспар бойынша қайырымдылық шаралардың 30-ы ұйымдастырылады.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
20:40, 24 қараша 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:21, 24 қараша 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...