ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

КӨЗ ҚЫСТЫЛЫҚ, БАРМАҚ БАСТЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

18:04, 23 қазан 2019

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері облыстық Полиция департаментінде талқыланды. Тәртіп сақшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаменті басшылығымен кездесті.

Ашық диалог алаңдары, сондай-ақ цифрландыру процесі  полиция департаментіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысына ықпал етеді.   Департамент бастығы полиция ведомствосында сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасы бойынша қолданатын әдістер  туралы сөз қозғады.  Соның бірі - тәлімгерлік институты.

МАРАТ ТӨЛЕБАЕВ, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

 - Аудандық бөлім бастықтары, орынбасарларым  жеке құраммен күнделікті осы бағытта  жұмыс істейді. Тәлімгерлік институты жас мамандардың аяқтарын шалыс баспай, тура жолмен, алданбай жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің басшысы Ернар Баянғазин  «Қызылжар – адалдық алаңы» жобасының маңыздылығңын атап өтті. Қоғамдық індетті түп-тамырымен жою үшін алдымен сананы өзгерту қажет дейді.  

ЕРНАР БАЯНҒАЗИН, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Біз азаматтардың санасына ықпал ете отырып, оларда мейірімділік, адалдық, әділдікпен байланысты идеяларды қалыптастырғымыз келеді. Осындай идеялар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жағдайды түзей алады.  Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және жолын кесу мақсатында аталған бағытқа баса назар аударылды.   

Профилактикалық мақсатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мамандары  жемқорлық көріністерінің салдары мен жақын адамдарының тағдыры жайлы ойлануға шақыратын, пара алушыларды ұстау туралы бейнеролик көрсетті. Ресми мәліметке сүйенсек, биыл  облыс бойынша 27 адам сотталды.

Берік ҚАСЕН

 

Тақырып бойынша материалдар

СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
17:20, 7 тамыз 2020
СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...