ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ Толығырақ

ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ ЕСЕП БЕРДІ

14:24, 14 маусым 2019

Қазақстанда адвокаттардың жұмысына дербестік берілді. Демек, олардан ордер сұратылмайды. Бірақ адвокаттар тарапынан сапасыз қызмет көрсетілген жағдайда тұрғындарға сақтандыру өтемақысы төленеді. Бұл туралы әділет министрі Марат Бекетаев есептік кездесуінде айтты. Онлайн өткен конференцияда болған тілішіміз тарқатсын.

Жылдың басынан мемлекет басшысы меншік құқығын қорғауды күшейтуге, төрелікті дамытуға, сот жүктемесін оңтайландыруға және экономикалық қылмыстарды ізгілендіруге бағытталған 42 заңнамалық актіге, оның ішінде 11 кодекске түзетулер енгізді.

МАРАТ БЕКЕТАЕВ, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ:

- Бұл заңға сәкес, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алған кезде өтелетін сома мөлшері жер учаскесінің нарықтық бағ,асының негізінде анықталады. Борышкерге кепілге қойылған жылжымайтын мүлікті үш ай мерзімінде өзіне сату мүмкіндігі беріледі. Борышкердің банк шотынан ақшасын алуға шектеу қойылады. Енді банк шотында ең төменгі күнкөріс шегіне тең қаражат қалуы тиіс. 

Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, Қазақстанда адвокаттардың жұмысына дербестік берілді. Демек, олардан ордер сұратылмайды. Бірақ адвокаттар тарапынан сапасыз қызмет көрсетілген жағдайда тұрғындарға сақтандыру өтемақысы төленеді.

Сондай-ақ, нотариус қызметіне өзгертулер енгізілген. Бұдан былай жалақы мәселесі, коммуналдық төлемдер мен мүлікті жалға алуға қатысты дау-дамайлармен нотариусқа жүгінуге болады.

Жеке сот орындаушылар институтын дамытуда да алға жылжушылық бар. 

МАҚСАТ САТЫБАЛДИН, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- 100 нақты қадам ұлт жоспарының 27-ші қадамы сәтімен жүзеге асырылуда. Яғни, сот  актілерін жеке сот орындаушыларына беріліп жатыр.  Қазіргі таңда барлық аудан жеке сот орындаушылармен қамтылған. Оларға 50 мыңнан артық сот актісі тапсырылды. 

Түптеп алғанда, өзгерістердің барлығы әділет органдарының жұмысын барынша оңтайландыруға бағытталып отыр.Айталық, жылжымайтын мүлікті азаматтарға арналған үкімет корпорациясында тіркеуге болады.  Осы үрдістің мерзімі 5-тен 3 күнге қысқартылды. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚША МӘСЕЛЕСІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҚАРАЛДЫ
18:00, 24 қаңтар 2020
БАЛАБАҚША МӘСЕЛЕСІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР
17:58, 24 қаңтар 2020
«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН ЖОЛДА ҚАЛҒАН 224 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
13:05, 24 қаңтар 2020
ЖЫЛ БАСЫНАН ЖОЛДА ҚАЛҒАН 224 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
13:04, 21 қаңтар 2020
ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
Толығырақ...