ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІНЕ «ҚЫЛМЫСҚА АРАНДАТУ» БАБЫ ЕНГІЗІЛДІ

20:39, 16 қазан 2020

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Осылайша қылмыстық кодекске «Қылмысқа арандату» деген   412-1-бап енгізіледі. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сқо бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин мәлім етті.

Аталымыш бап жасалған әрекеттердің ауырлығына және салдарына байланысты үшке бөлінген. Бірінші жағдайда, азаматты әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе бопсалау болса 7 жылға дейін лауазымды атқару құқығынан және  3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Екінші жағдайда, зорлық-зомбылықпен не күш қолдана отырып, мүлкін жою немесе бүлдірумен ұштасқан арандатушылық үшін 10 жылға дейін  лауазымға ие бола алмайды және 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Ал үшінші жағдайда, ауыр, аса ауыр қылмыс жасалған уақытта, 10 жылға дейін лауазымды атқару құқығынан  және 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.  

НҰРЛАН ЖАХИН, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл тузетулер мен өзгертулер азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге ықпал етіп,  лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттеріне қосымша тосқауыл болады. «Қылмысқа арандату» бабында заңсыз әрекеттердің зорлық-зомбылықпен не күш қолдану арқылы, не болмаса бопсалағанына қарай жаза тағайындалатын болады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕРЛЕСІМІЗ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ҚАРИ АТАНДЫ
13:06, 26 қазан 2020
ЖЕРЛЕСІМІЗ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ҚАРИ АТАНДЫ
Толығырақ...
ТАРИФТЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМ ӨТТІ
20:44, 23 қазан 2020
ТАРИФТЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ОБЛЫСҚА 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚОНЫС АУДАРАДЫ
20:38, 23 қазан 2020
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ОБЛЫСҚА 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚОНЫС АУДАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...