ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР Толығырақ

ҚР МӘСЛИХАТТАРЫНА 25 ЖЫЛ

17:51, 12 қараша 2019

Биыл ҚР мәслихаттарының құрылғанына  25 жыл толды. Ширек ғасыр депутаттар тұрғындардың мүддесі үшін жұмыс істеп, өзекті мәселелерді шешуге ат салысып келеді.  Еркебұлан Мәмбетов - облыстың белсенді депутаттарының бірі. Бірнеше рет сайланған халық қалаулысы. Осы жылдардың ішінде қандай жұмыс атқарылды, болашақта неге мән берілмек, Еркебұлан Нұрмағанбетұлымен тілдесіп қайтқан тілшіміздің бейнематериалы.

25 жыл бұрын облыс, аудан және қала аумағында мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Бірінші шақырылымда сайланған халық қалаулыларының бірі - Еркебұлан Мәмбетов. 90 шы  жылдары халық қиын кезеңдерді басынан өткерді. Облыс тұрғындарының бүгінгі  өтініштері мен сол жылдардағы мәселелерді салыстырсақ арасы жер мен көктей, дейді депутат. Бұған себеп, халықтың өмір сүру деңгейі жақсарған.

ЕРКЕБҰЛАН МӘМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Осыдан шамамен 25 жыл бұрын, халық мүлде басқа мәселелермен келетін. Олар - азық-түліктің қымбаттығы немесе жеткіліксіздігі, еңбекақының уақтылы төленбеуі. Бүгінгі таңда тұрғындар жеке басының мәселесінен гөрі елді мекен бойынша, тұрғындарға қатысты ортақ мәселемен келеді. Олар мысалы елді мекенду сумен қамтамасыз ету, жолды жөндеу, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ауыл аймақтарды интернетке қосу.

Шамамен осы жылдары ауылда коммандиттік серіктестік ашылды. Бүгінде ол республикадағы  ісі өрге басқан шаруашылықтардың бірі. Еркебұлан Нұрмағамбетұлы басшылық және депутаттық қызметін бірдей табысты атқарып келеді. 

ЖАНАТ АХМЕТОВ, МЕҢГЕСЕР ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Еркебұлан Мәмбетов біздің мектебіміздің құрметті қонағы. Барлық мерекелік шараларға белсенді қатысып отырады. Кәсіпкер стадионда қайта жөндеу жұмыстарына, мектептің техникалық  жабдықталуына қаражатты аямайды. Үнемі көмегін көрсетеді. 

Осы жылдар аралығында депутаттық корпустың құрамы бірнеше ауысты, бірақ, жұмыс істеу қағидаты өзгеріссіз қалды. Халық қалаулысы, Еркебұлан Нұрмағамбетұлының сөзінше, - ауылдың өркендеуіне ат салысу – бұл біздің мемлекеттің әл-ауқатының дамуына, оның гүлденуіне үлес қосудың бірден-бір негізі.

Жанбота СЕНТАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

МҮГЕДЕКТІК МЕРЗІМІ БІРДЕН 3 АЙҒА ҰЗАРТЫЛАДЫ
17:24, 9 шілде 2020
МҮГЕДЕКТІК МЕРЗІМІ БІРДЕН 3 АЙҒА ҰЗАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ӨҢІР КӘСІПОРЫНДАРЫНДА 21 ЖҰМЫСШЫ ЖАРАҚАТ АЛДЫ
17:23, 9 шілде 2020
ӨҢІР КӘСІПОРЫНДАРЫНДА 21 ЖҰМЫСШЫ ЖАРАҚАТ АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...