ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

«КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» МЕЙРАМЫНА ШОМЫЛАТЫН 42 ОРЫН ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР

18:03, 17 қаңтар 2020

Православ дінін ұстанатындардың қасиетті «Крещение Господне» мейрамы 19 қаңтар күні аталып өтеді. Бұл күні облыс бойынша суға шомылатын 42 орын болады. Суға шомылатын орындарда ТЖД, ПД және жедел жәрдем қызметінің мамандары кезекшілік етеді. Биыл мұздың қалындығы өткен жылдарға қарағанда екі есе жұқа, небәрі 20-25 см. Бұл мәселені құтқарушылар қалай шешпек? Арна тілшісінің бейнематериалына зер салайық.

«Крещение» мерекесінің ерекшелігі – бұл күні негізінен православ дініндегілер өзен-көлдердегі арнайы ойықта суға шомылып, «қасиеті бар» деп ыдыстарын толтырып су алады.  Облыс бойынша былтыр  арнайы жабдықталған 35 орында 35 мың адам шомылуға жиналған.  Ал, биыл суға түсетін орындардың саны 42-ге дейін артып отыр. Бұл жерлерде облыстық ТЖД тарапынан ғана 59 адам және 25 техника кезекшілік атқарады. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган мен жедел жәрдем мамандары болады.

ЕРІК САРЫБАЕВ, СҚО ТДЖ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жылдағымен салыстырғанда биыл облыс аумағында су айдындарында мұздың қалыңдығы өте жұқа. Орта есеппен 20-25 см-ді құрап отыр. Жылда бізде қыс мезгілінде 40 см-ден жұқа мұз болмайтын. Осыған байланысты жылдағыдан ерекше өткізуді жоспарлап отырмыз. Атап айтатын болсақ, мұздың үстіне көп адамның бір мезгілде шығуана қатаң тыйым салынады.

Сонымен қатар, мамандар суға шомылуға келген азаматтарға алдымен денесін шынықтырып, денсаулықтарын тексертіп алуға кеңес береді. Кішкентай баламен келген жағдайда, суға сүңгімес бұрын жаныңызда құтқарушы қызметінің маманы болғанына зер салыңыз және мұзға шыққанда тайғанамайтын, ыңғайлы аяқ киім таңдау қажет.  

ЕРІК САРЫБАЕВ, СҚО ТДЖ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл күні шомылумен қатар барлығы шіркеу қызметкерлері арнайы дайындаған жерлерден су алады. Осы су алу кезінде де қауіпсіздік шараларын сақтаған дұрыс. Біз енді биылғы мұздың қалың болмауына байланысты су алатын жерлерге арнайы тақтайдан жасалған жолдарды жасаймыз. Сол жолдан сыртқа шықпау керек. Және кезек болып қалаған жағдайларда кезегімен барып алуды және бір мезетте көп адамның шықпауын сұранар едік.

Сонымен қатар, әйелдер мен ерлерге арналған екі бөлек жылыту пунктері мен киім ауыстыруға арналған шатырлар орнатылады. Әскери институт тарапынан қала аумағында жылы шәй беру орталықтары жұмыс істейді.

ЖАНБОТА ЕСТАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

- «Крещение» провослав дінін ұстанатындар үшін қасиетті мейрамдардың бірі. Бұл күні тіліне, дінніне қарамастан мыңдаған адам қасиетті суға шомылуға жиналады. Өзіңіздің және жақындарыңыздың амандығы үшін, тек арнайы жабдықталған орындарда шомылап, қатаң түрде қауіпсіздік ережелерін ұстанған жөн. Дәлірек айтсақ, Петропавл қаласында діни дәстүр 19 қаңтар күні қалалық жағажайда және өзен портында қтеді.

ТЖД Мамандарының мәліметінше, соңғы бес жылда бұл мейрамда жарақат алағандар тіркелмеген. Биыл да осы дәстүр қайталанса деп отыр. Осы жолы шомылу орындарының саны артуына байланысты 50 мыңға жуық адам қасиетті суға шомылуға келеді деген болжам бар.  

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
20:48, 3 шілде 2020
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ  САҚТАЛУЫ ТИІС  ТАЛАПТАР
20:45, 3 шілде 2020
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...