ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

«ҚҰЛАГЕР» ХК ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

13:05, 2 тамыз 2019

Петропавлдық «Құлагер» хоккей клубының жаңа маусымға дайындықтары қызу өтуде. Құрама  жеңіске жету жолындағы стратегияларды құрып, жолдастық кездесулер өткізіп жатыр. Тамыздың 1-і күні  жергілікті команда А.Винокуров   спорт  сарайында  көршілес облыстың құрамасын қабылдады.

Жаңа маусымға дайындық алдында өңір хоккейшілер  Рудный қаласының «Горняк» құрамасымен тартысты ойын өткізді. Чемпионатта бірге ойнағандықтан,  ойыншылар бір-бірін жақсы біледі.  Құлагерлік қақпашы қарсыластарының бірнеше қауіпті шабуылдарына төтеп бере алды.Ойынның бірінші кезеңінің ортасында жергілікті құрама шабуылшысы Кирилл Власов есепті ашты. Жалпы үшінші  кезеңге дейін ойын бір демде өтті. Кездесу соңында Құлагерліктер қарсыластарының қақпасына екі шайба соғып, 3-0 есебіме жеңісте жетті.

ОЛЕГ ГУЩИН, «ҚҰЛАГЕР» ХК БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

- Жаңа маусымға қарқынды түрде дайындығымыз жүріп жатыр. Жолдастық кездесулер өткізіп жатырмыз, жақында Қорған қаласының «Зауралье» командасымен ойын өткіздік.  Өкінішке орай, бізді сәттілік серік етпеді. Әрине жеңуге болар еді, алайда біздің мақсатымыз ойыншылардың физикалық дайындығын дамыту. Қойған мақсатымызға жеттік. Дайындығымызды  күн сайын пысықтаудамыз. 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
18:09, 20 қыркүйек 2019
ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
Толығырақ...
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...