ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТТІҢ ГЕРМАНИЯҒА САПАРЫ Толығырақ

ҚҰНДЫ КЕҢЕС

17:54, 1 қараша 2019

Шетелдік сарапшылар жергілікті өндірісті дамытуға үлес қосады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырып жатқан «Аға сеньор» жобасы жергілікті кәсіпкерлерге шет елдерден білікті мамандардарды шақырып, олардың ақыл кеңестерін алуға мүмкіндік береді. Осы жолы «Аға сеньор»  кездесуді облыста шұлық өндірісін қолға алған «Матех» серіктестігінен бастады.

«Матех» серіктестігі небары бір жыл бұрын ғана жұмысын бастаған. Өндіріске қажетті чехиялық 20 қондырғы сатып алып, оларда жұмыс  істеуді сол елдің мамандары арнайы келіп үйретті. Қатаң бәсекеге төтеп беру үшін серіктестік басшысы өнімнің сапасына ерекше мән берді.Ол үшін  Өзбекстан мен Түркістаннан таза мақта мен жүннен тұратын жіптерді әкелді. Дизайнға да аса мән береді. Қазір цех қалың шұлық тоқуды бастады. Сондықтан тәжірибесі мол маманның көмегі аса қажет.    

АРАМАИС ТЕР, АСТВАЦАТУРЯН- КӘСІПКЕР:

- Шұлық қарапайым бұйым болғанына қарамастан, оның өндірісі аса күрделі. Құрылғылар күні-түні жұмыс істейді. Қысқы шұлықтың тігісі жұқа түріне қарағанда қиындау. Машинаға жаңа бағдарлама енгізу қажет. Оны бізге шетелдік маман көрсетіп жатыр. Ол үшін кәсіпкерлер палатасына алғысым шексіз. 

Аға сеньор Алексей Варочкин Алтай өңірінің Рубцовск қаласынан келіп отыр. Шұлық тоқу саласында 15 жыл еңбек етеді. Қондырғыларды кәсіби баптаушы-механик.  Оның айтуынша, солтүстікқазақстандық цех аз уақыттың ішінде үлкен жетістікке жетіп,  өндірісін жақсы жолға қойып үлгерді.

АЛЕКСЕЙ ВАРОЧКИН, «АҒА СЕНЬОР» ЖОБАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

- Кәсіпорынның бастамасы жақсы. Бір-ақ жылдың ішінде өңірде ғана емес, өзге қалалар мен Ресейде де танылып үлгерді. Кез келген өндіріс  жұмыс істейтін мамандары мен қондырғыларының арқасында дамиды. Машиналары Еуропада жасалған өте сапалы құрылғылар. Адамдарын біртіндеп оқытып жатырмыз. Сондықтан кәсіпорынның болашағы бар деп айта аламын.

Бүгін серіктестік тәулігіне 3,5-4 мың жұп шұлықты тоқып шығарады. Кәсіпорында 26  адам жұмыс істейді.

РАХЫМБЕК ЗЕЙНУЛЛИН, СҚО ҰКП БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- «Аға сеньор» жобасы іске асырыла бастағаннан бері, өңірге 16 шетелдік маман келіп кетті. Жобаға мемлекеттік бағдарламаның  басым бағыттары: қызмет көрсету, өңдеу мен қайта өңдеу бойынша жұмыс істеп жүрген кез келген кәсіпкер қатыса алады. Ол үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіп өтініш беру керек.     

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
13:01, 3 желтоқсан 2019
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
17:55, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...